Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Танымал тарихшы Бүркітбай Аяған 60 жасқа толды

1453
Танымал тарихшы Бүркітбай Аяған 60 жасқа толды - e-history.kz
Бүгін тарих ғылымдарының докторы, тарих профессор, саясаттану доценті, академик Аяған Бүркітбай Гелманұлының 60 жасқа толған мерейтой.

Оның іргелі және қолданбалы зерттеулері, ғылыми еңбектері заманауи қазақстандық тарихи және саяси ғылымының дамуына елеулі үлес қосты. 

«Қазақстан тарихы» E-history.kz веб-порталының редакциясы мерейтой иесін туған күнімен құттықтап, зор денсаулық және шығармашылық табыстарды тілейді! 

Анықтама үшін:

Б. Ғ. Аяған — тарих ғылымдарының докторы, профессор, саясаттану доценті, Қазақстан Республикасы әлеуметтану ғылымы академиясының академигі, «Қазақ Білім Академиясының академигі», заманауи қазақстандық тарихи және саяси ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан ірі ғалым.

Б. Ғ. Аяған 300-ден астам еңбек пен ғылыми мақалалардың авторы ретінде танымал, олардың ішінде орта мектептерге және университеттерге арналған оқулықтар, монографиялар, эндиклопедиялар, ғылыми-танымал басылымдар бар. 

Б. Ғ. Аяған редакциясымен қазақ тілінде «Қазақ энциклопедиясының» 10 томы, орыс тілінде — 5 томы, ағылшын тілінде — жалпыланған томы жарық көрді. 

Ол 4-томдық «Көркемсуретті Қазақстан тарихы» деп аталатын қазақ және орыс тілінде жарық көрген еңбектің авторы және құрастырушыларының бірі.

«Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдерімен марапатталды. Ол «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері», «Мәдениет қайраткері», Қазақстан халқы ассамблеясының «Бірлік» алтын медалінің иесі болып табылады.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?