Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Астанада «Тарихи таңдау. Жасампаздық» атты көрмесі өтеді

1797
Астанада «Тарихи таңдау. Жасампаздық» атты көрмесі өтеді - e-history.kz
26 қараша 2014 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде ҚР Тұңғыш Президенті Күніне арналған «Тарихи таңдау. Жасампаздық» атты тақырыптық қор көрмесінің ашылу рәсімі өтеді.

Көрме музейдің «Тарихи таңдау» атты ғылыми-экспозициялық жобаның жалғасы болып табылады. Көрменің басты мақсаты Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттілігінің негізін қалаған алғашқы реформаларды біртіндеп кең ауқымда көрсету.

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан халқы Н. Ә. Назарбаевты өзінің Тұңғыш Президенті етіп сайлауымен тарихи таңдау жасады. Н. Ә. Назарбаев 1991 жылы 10 желтоқсандағы өзінің ұлықтау сөзінде жас мемлекеттің алдында тұрған алғашқы міндеттерді нақтылап берді. Шындығында, бұл қазіргі таңда әлем мойындап және құрметтеп отырған тәуелсіз Қазақстанның кейінгі жылдардың негізгі даму бағыттарын айқындаған стратегиялық бағдарламасы болды.


1990-шы жылдардың алғашқы жартысы Қазақстан тарихына жаңа мемлекеттің тууымен, оның іргетасының қалауымен, алғашқы жылдардың қиындықтарымен және әлемдік қауымдастықтың көпшілігінің мойындай бастауымен енді. Нақты осы жылдарда Қазақстанның қазіргі қоғамдық құрылысының саяси-құқықтығы және институциялық тіреуінің түзелеуі қалыптасты, коммунистік жүйеден демократиялық бостандықпен экономикалық көпсатылыққа бағытталған басты реформалар жүзеге асты.


Экспозицияға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Ұлт Көшбасшысының тәуелсіз демократиялық мемлекет құрудағы, ядролық қарудан бас тартудағы, мемлекеттік нышандарды иеленуде, ұлттық валютаға ауысудағы, Еуразиялық одақ идеясының туындауындағы және т. б. тағдыршешті шешімдерді қабылдаудағы тарихи рөлін айқындайтын бірегей мұрағат құжаттары қойылды.


Маңызды орынды алдымыздағы жылы бүкіл ел болып мерекелейтін қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуының 20 жылдық мерейтойын ашып көрсететін құжаттар алады.


Ұлтаралық және конфессияаралық келісім, бәрін тегін қамтитын Қазақстан халықтарының бірлігі идеясы уақыт келе «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеяға айналды.1995 жылғы Конституция Қазақстан тәуелсіздігі қалыптасуының бастапқы кезеңінің аяқтауымен және қоғамның барлық саласындағы жүйелі реформаларға бастау болатын біздің мемлекетіміздің дамуының жаңа беттерін ашты.


ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде «Тарихи таңдау. Жасампаздық» атты көрмесі 2015 жылдың 30 қаңтарына дейін жалғасады.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?