Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

ҚР Ұлттық музейі және БАҚ тақырыбында дөңгелек үстел өтті

2505
ҚР Ұлттық музейі және БАҚ тақырыбында дөңгелек үстел өтті - e-history.kz
Кеше, 15 қазан күні Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі және БАҚ: өзара ықпалдастық жолдары» атты дөңгелек үстел өтті.

Музей мен БАҚ арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін қарастыру; музейдегі мәдени құндылықтарды насихаттаудың жолдары мен тәсілдерін іздеу; Қазақстанның Мәңгілік Ел ұлттық идеясын жүзеге асырудағы музейдің рөлін айқындау іс-шараның мақсаты болып табылды.
«Дөңгелек үстел» жұмысына ҚР Ұлттық музейінің басшылығы мен қызметкерлері, БАҚ жетекшілері, редакторлары және өкілдері қатысты.

ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай құттықтау сөзінде еліміздің мәдени-тарихи мұрасын насихаттаудағы, сондай-ақ Ұлттық музейдің оң имиджін қалыптастырудағы БАҚ-тың маңызды рөлін атап өтті. Ол «дөңгелек үстелге» қатысушыларды тарихи және мәдени құндылықтар мен дәстүрлерді сақтау әрі жаңарту ісінде ортақ мақсаттарға жету үшін ынтымақтастықты жалғастыруға және күшейтуге шақырды.

Өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды, БАҚ жетекшілерінен құнды ұсыныстар алынды.
Сейітқазы МАТАЕВ, Қазақстан Журналистер одағы басқармасының төрағасы халықаралық деңгейдегі ірі мәдени орталық ретіндегі Ұлттық музейдің рөлін атап өтті, оның одан әрі дамуы мен келушілер санының арта түсетіндігіне сенім білдірді. Сонымен қатар, С.Матаев музей басшылығын Журналистер одағы тарапынан қолдау көрсетілетіндігіне сендірді.
Александр ТАРАКОВ, «Казахстанская правда» АҚ басқармасының төрағасы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ауқымы, техникалық жарақтандырылуы мен толыққандығы қайран қалдырады, ол шетелдік музейлерден еш қалыспайды. Сайт түріндегі, ақпараттық құрамдас бөлігінің ақпарат іздеуде тілшілерге көмегі аса зор».

«Дөңгелек үстел» жұмысына сондай-ақ Еркін ҚЫДЫР — «Егемен Қазақстан» АҚ вице-президенті, Нұртөре ЖҮСІП — «Айқын» газетінің директоры-бас редакторы, Бибігүл ЖЕКСЕНБАЙ — «7 арна» телеарнасы директорлар кеңесінің төрайымы, Ләззат КӨККӨЗОВА — «SUCCESS K» медиа-агентігінің бас директоры, Жұмабек КЕНЖАЛИН — «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры, Ерболат ҚАМЕН — «Астана, ақшамы» газетінің директоры-бас редакторы, Нұрғали ӘБІЛДАЕВ — «Вечерняя Астана» газетінің директоры-бас редакторы, Гүлмира ҚАРАКӨЗОВА — «Астана» радиосының директоры, Шамшидин ПАТТЕЕВ — «Түркістан» газетінің бас редакторы, Ғабит МҮСІРЕП — «Айналайын» журналының редакторы, Видади САЛАХОВ — «Туран Таймс» газетінің бас редакторы, Қамажан ЖУМАҚАСОВА — «Әлеумет тынысы» журналының бас редакторы қатысты. Рауан ЕСҚАЛИ «Қазақстан» РТРК, АҚ, Алмаз БАЙДЫРАХМАН «Алматы, ақшамы» газеті атынан сөз сөйледі.

«Дөңгелек үстел» жұмысының барысында тілшілер музей көрмелерімен және оның тұрақты залдарымен танысты, музейдің ресми сайтының және 3-D турының тұсаукесері болды, сонымен бірге «Мәдени мұра» журналының жаңа форматы таныстырылды. Іс-шарада жеке экспозициялық кешен ретінде қазіргі заманның атақты мүсіншілерінің бірі — Цадок Бен-Давидтің (Zadok Ben-David, Англия, Лондон) «Түн ортасының арғы беті» көрмесі, сонымен қатар қытай фарфорының көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.

Іс-шара қорытындылары бойынша ҚР Ұлттық музейінің директоры Д. Мыңбай қатысушылардың ұсынымдары мен ұсыныстары ескерілетіндігін және қорытындыланатындығын атап өтті, және олардың өзара ықпалдастық жөніндегі қос тараптың мәселелерін шешуде сапалы әрі нәтижелі ынтымақтастыққа одан әрі себепші болатындығына сенім білдірді.

ҚР Ұлттық музейі мен Президенті Бибігүл Жексенбай болып табылатын «Бас редакторлар клубы» ҚБ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметі 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?