Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Берел қорғандары музейге айналмақ

1896
Берел қорғандары музейге айналмақ - e-history.kz
Берел қорғандарындағы қазбалар мен соңғы өткізілген жұмыстар жөнінде қорғандардың құпиясын ашқан археолог Зейнолла Самашев былай деп жазады.

Бүкіл әлемге танымал археолог Зейнолла Самашев өз кітабында былай деп жазады: «Өткен ғасырдың 90-ші жылдардың басы мен ортасында Алтайда (Үкөк үстірті) археологтар ерекше ескерткіштердің жаңа ошақтарын аша бастаған. 

Осындай ошақтардың ішінде темір дәуірінде қатып қалған қорғандар мен Тарим, Турфан жерлеріне жатқан (жазы құрғақ болғаны соншалық, тіпті шыдауға да болмайды, ал қысы үскірік суық желмен болады; мұндай жел көмегінің арқасында табылған мумияландырылған өлген адамдардың сүйектері, адамдардың киімдері мен үй керек-жарақтары қазіргі уақытқа дейін керемет сақталып келген; мумиялардың қасында аттардың жерлеулері орналасқан) Қытай Халық Республикасының Синьцзань аймағындағы жерлеулер болған». 

Берелге жасалған алғашқы экспедициядан кейін 15 жыл өтті. Б.з.д. IV — III ғасырларға жататын скиф-сақтардың қорымдарында табылған заттар ғылыми әлемді осы уақытқа дейін таңқалдырып келе жатқан. Патша және оның анасы мен қасында жатқан 13 ат жұртты алтын жабдығымен қайран қалдырады. Зейнолла Самашұлы, Берелдегі қазба жұмыстары қазіргі уақытқа дейін өз жалғасын тауып келе ме? —Биыл Мәдениет министрлігі ақша бөлмегендіктен, біз зерттеулерді жүргізе алмадық. Алдағы жылда біз бір не екі қорғанды қазып ашамыз. Осымен қазба жұмыстарын аяқтаймыз. Жер көркейтілуі мен музейлендіру жұмыстары басталуда. 

39e3f2b926c89ca7c7e3bca18299385d.jpg

Музей орналасатын парк-қорық

9ad8b4153d036f7af56dddada1230d90.png

Музей жобасы

Үш ғимарат 5 жылдың ішінде салынып бітті. Болашақта келіп-кету орталығы (визит-орталығы), музейдің ғимараты, жергілікті туризмді дамытуға арналған кемпингтер мен коттедждер салынады. Өлкетану дамыту мен тарихты зерттеумен байланысты мәселелерді шешу бір ғана музейдің қолынан келмейді, сондықтан жоғарыда айтылған шараларды қолдану керек. Бүгін соның барлығын жүзеге асыру үшін туризмді дамыту қажет. Бұдан басқа, қазып ашылған қорғандарымызды қалпына келтіруге тиістіміз. Осылайша, әр қорған музейлендіру нысанына айналдыру — уақыт айқындаған шындық. Музей-қорық жерлерінде құрылыс объектілерін салу Музейдің жобасы Он бірінші қорған ең ірі болғанымен, қорымында патша және оның анасы мен қасында жатқан әсемделген 13 ат жегілген күймемен табылған. 

0a6433b8c7c31136a7604fb07dd117ad.jpg

Тарихи қайта жаңғырту сақ патшасы

Қорған саймандарын қайта құруымыз керек. Сонда ғана келушілер қорғанның ішіне келіп көреді. Жұмыс келер жылы басталмақ. Тарихи реконструкция — скиф-сақтардың патшасы Реконструкция, № 11 қорғаны, патшаның жерлеуі № 11 қорғаны, музей экспонаты Бүгінгі таңда жерлердің бір бөлігі ғана қоршап қойылған. Музей көркейтілуі бойынша техникалық жұмыстарды жалғастыру керек болғанымен, инфрақұрылымды да жаңарту қажет.

bb8d2c3e9d122dc2339e928502a3820c.jpg

№11 қорған

30a17c7593468498b1cd11b708fc6f3f.jpg

№11 қорған  Патша моласы

Қорған ашылған сәттен бері 15 жыл өтті. Оның ашылуынан соң, арада бір жыл өткеннен кейін, музей-қорық құру керектігін ескерттік. Музейді құрып, істің дұрыс ыңғайын да білу маңызды. Музей өз қызметін атқарып тұр, дегенмен, істелген жұмыстардың нәтижелері бізді қанағаттандырмай отыр, өйткені музей қойылған халықаралық талаптарға әзірше үйлеспей жатыр. 

Людмила Выходченко




Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?