Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Астанада «Сыр сандықты ашып қара» атты әдеби-музыкалық кеш өтеді

1731
Астанада «Сыр сандықты ашып қара»  атты әдеби-музыкалық кеш өтеді - e-history.kz
Сәкен Сейфуллин музейінің ұйымдастыруымен, ақын, жазушы, композитор, белгілі қоғам қайраткері, қазақтың ардақты ұлы Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдығына орай «Сыр сандықты ашып қара» атты кеш өтеді.

Кеш 2014 жылдың 15 қазан күні сағат 17:00-де «Астана» ұлттық сурет галереясының концерт залында басталады.

Концерт қонақтары белгілі қоғам қайраткерлері мен жазушылар, сәкентанушы ғалымдар, Сәкен өнегесімен өсіп келе жатқан жас ұрпақ қауымы.
Сауық кеште Сәкеннің әндері орындалады. Орындаушылар Қазақстанға танымал дәстүрлі әншілер Гүлмира Сарина, Қанапия Жүкенов, Дәурен Әркенов, Ержан Базарбеков, Ерлан Рысқали Мерует Башай және Сәкен әндерін орындаушылар Серік Оспанов пен Қанат Жүнісов қатысады.
Осы шараға орайластырып Сәкен Сейфуллин мұражайы кұрастырған музей альбомының тұсауы кесіледі.

Өтетін орны:
«Астана» ұлттық сурет галереясы
Өтетін уақыты:
15 қазан 2014 жыл.
Сағат: 17:00-де.
Сәкен Сейфуллин мұражайының баспасөз қызметі
Қабиден Қуанышбай

Астана Қалалық
«Сәкен оқулары» конкурсы

2014 жылдың 15 қазанында Сәкен Сейфуллин мұражайының ұйымдастыруымен, ақын, жазушы, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллинің 120 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында Астана қалалық дәстүрлі «Сәкен оқулары» байқауы өтеді.

Байқау 15 қазан күні сағат 10:00 де Сәкен Сейфуллин мұражайында басталады. Қалалық деңгейде өтілетін бұл конкурсқа Астана қаласы бойынша 70-тен астам мектептің 7–11 сынып оқушылары қатысады. Байқау төрт номинациядан тұрады.
1. «Сыр сандықты ашып қара» номинациясы бойынша, ақынның поэзиялық шығармасын мәнерлеп жатқа оқу;
2. «Қазақты қазақ дейік» номинациясы бойынша прозалық шығармасынан үзінді оқу;
3. «Арқаның кербез сұлу Көкшетауы» номинациясы бойынша Сәкен әндерін орындау;
4. «Сәкеннің аманаты» номинациясы бойынша Сәкен өмірінен сахналық көрініс;
Байқаудың мақсаты жасөспірімдер арасында С.Сейфуллиннің поэзиялық, прозалық шығармаларын кеңінен насихаттау. Мектеп оқушыларын әдеби көркем шығармаларды мәнерлеп оқуға ынталандыру. С.Сейфуллин шығармалары арқылы балаларды отансүйгіштікке, туған елді қадірлеуге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, туған жердің табиғатын аялауға тәрбиелеу;
Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау 2014 жылдың 15 қазан күні 17:00-де өтетін «Сыр сандықты ашып қара» атты Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдық мерейтойына орай Сәкен Сейфуллин мұражайы ұйымдастырған әдеби — музыкалық кешінде табысталады.

Өтетін орны:
Сәкен Сейфуллин мұражайы
Әуезов көшесі 20
Астана қаласы

Өтетін уақыты:
15 қазан 2014 жыл.
Сағат 10:00-де
Сәкен Сейфуллин мұражайының баспасөз қызметі
Қабиден Қуанышбай


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?