Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Қазақстан тарихы» веб-порталы мектеп оқушылары арасында эссе байқауын өткізеді

1956
«Қазақстан тарихы» веб-порталы мектеп оқушылары арасында эссе байқауын өткізеді - e-history.kz
«Қазконтет» АҚ «Қазақстан тарихы» веб-порталы «Семей полигоны. Қазақстан сынақтардан бұрын және кейін» тақырыбы бойынша мектеп оқушылары арасында өтетін эссе байқауына қатысуға шақырады.

«Қазконтет» АҚ «Қазақстан тарихы» веб-порталы «Казахстанская правда» Республикалық газеті» АҚ және «Астана қаласы Білім басқармасы» ММ қолдауымен «Семей полигоны. Қазақстан сынақтардан бұрын және кейін» тақырыбы бойынша мектеп оқушылары арасында өтетін эссе байқауына қатысуға шақырады.

Іс-шара Семей ядролық полигонындағы соңғы ядролық жарылыстың 25 жылдығына (19 қазан 1989 ж.) арналған.

Байқаудың қатысушылары
Байқауға Астана қаласы мектептерінің 9–11 сынып оқушылары қатысуға шақырылады.

Байқауды өткізудің мерзімі мен кезеңдері
Эссе байқауы екі кезең бойынша 2014 жылдың 8 қыркүйек — 10 қазан аралығында өткізіледі. Байқау нәтижелері 2014 жылы 17 қазанда жарияланады.

I кезең (8–19 қыркүейк 2014 ж.) — жұмыстардың іріктеліп алынуы.
II кезең (22 қыркүйек — 10 қазан 2014 ж.) — қорытындысын шығару.

Байқауды өткізу тәртібі
«Қазконтет» АҚ «Қазақстан тарихы» веб-порталы байқауды «Казахстанская правда» Республикалық газеті» АҚ және «Астана қаласы Білім басқармасы» ММ қолдауымен өткізеді.

Байқауға қатысушылар саны шектелмеген.

Байқау жұмыстары мемлекеттік және орыс тілінде қабылданады.
Әрбір қатысушы 1 байқау жұмысын ғана жібере алады.
Ұйымдастыру комитеті мүшелерінен құрылған өкілетті әділ қазылар жеңімпаздарды (үш үздік жұмыстың авторларын) анықтайды.

Байқауға жұмыстарды тапсыру ережелері
Эссе kaz.ehistory@gmail.com мекен-жайы бойынша электронды форматта қабылданады. Хат тақырыбында эссе байқауын, автордың тегін, атын, жалпы білім беретін мекемені көрсету керек.

Жұмыс басында келесі мәліметтер көрсетілуі тиіс: жұмыс атауы, автордың тегі, аты, сыныбы, жалпы білім беретін мекеме, Қазақстан тарихы бойынша мұғалімнің аты-жөні, оқушы немесе мұғалімнің электронды мекен-жайы.

Эссе байқауына жіберілетін жұмыстар келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс: байқаудың тақырыбына толық сәйкес келуі; жұмыс көлемі 2 баспа беттен аспау керек, қарібі Times New Roman 14, бір интервалды, бет жолдары. Сол жақтан 3 см, оң жақтан 2 см.

Эссені тапсырудың соңғы күні — 19 қыркүйек 2014 ж.

Байқау жұмыстары бағаларының өлшемі
Жұмыстар келесі өлшем бойынша бағаланады: байқау жұмыстарын дайындауда талаптарға сәйкес болуы; мазмұндылығы; тақырыпты тереңнен ашу; дербестігі, түпнұсқалығы.

Жеңімпаздарды марапаттау
Байқау жеңімпаздары (үш үздік жұмыстың авторлары) «Қазконтент» АҚ дипломдары және «Казахстанская правда» Республикалық газеті» АҚ ұсынған бағалы сыйлықтарымен марапатталады. Байқаудың үш үздік жұмысы «Қазақстан тарихы» веб-порталында жарияланады.

Оқушыларды дайындаған мұғалімдерге «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ тарапынан алғыс хаттар тапсырылады.

Байланыс
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: ҚР, Астана қ., Орынбор көш. 8, Министрліктер Үйі, 3 кіреберіс, «Қазконтент» АҚ, «Қазақстан-тарихы» интернет-жобасы.

Байланыс телефондары: +7 (7172) 79-82-29
Байланыс құрайтын тұлғалар: Нургазина Раушан
Кузьменко Инна

Е-mail: kaz.ehistory@gmail.com

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?