Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Алтайдан асыл қазына табылды

2056
Алтайдан асыл қазына табылды - e-history.kz
Мамандар түркі халықтарының музыкалық ортақ аспаптарына ұқсайтын құралды қобыз деп бағамдап отыр.

Алтайдан белгілі археолог, тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашевтің жетекшілігімен жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында шамамен 40 жастағы сарбаздың сүйегі табылды.

73c96c5e8f51fe2b0e318f07f16e9032.JPG

Жауынгердің денесінің қасынан сол дәуірдің қару-жарағы атап айтқанда, дулыға, садақ, садақтың оғы, қорамсақ, қылыш сонымен қатар, аттың сүйектері мен алтын жалатылған ер-тұрман, жүген табылды. Сондай-ақ сарбаздың қасына қобызға ұқсас музыкалық аспаптың қойылуы археологиялық қазба жұмысының басты жаңалығы болып отыр.
Ескерткіш Түркі Академиясының «Батыс Түрік қағанатының мемлекеттік құрылымы» атты ғылыми зерттеу жобасы негізінде қазылған. Бұған дейін «Берел» қорымынан мол жәдігер тапқан белгілі археолог Зейнолла Самашев: «археолог ғалымдармен бірге жүргізілген алғашқы сараптамалар нәтижесі жауынгерді шамамен VII ғасырда өмір сүрген деп болжап отыр. Адам мен аттың сүйегі өте жақсы сақталған. Бұл сүйек — қатардағы сарбаздікі емес, жырау немесе қоғамда жоғары мәртебе ие болған адамдікі болуы мүмкін»,-дейді.
Бір қызығы, дәл осы өңірден былтыр аталған ғалымның археологиялық тобы екі көне аспап түрін тапқан болатын.
Тарихи олжаның нақты дәуірі Түркі академиясы жанында жүргізілетін арнайы сараптамалардан кейін анықталады.

Түркі академиясының баспасөз қызметі

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?