Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Скифтер өркениеті итальян археологының көзімен

1533
Скифтер өркениеті итальян археологының көзімен - e-history.kz
Итальян археологы Николо Манасеро скифтер өркениетін зерттеуді ешқашан жоспарламаған екен. Бірақ оның жұмысының әрбір кезеңі, оны осы өркениетті зерттеуге итермелесе керек…

Николо Манасеро, Турин Университетінің археологы, Ескі Нисаның (Түркменстандағы Парфян империясының бекінісі — автор ескерт.) қазбаларындағы итальян миссиясы директорының орынбасары қызметінде жүріп, скифтер өркениетін зерттеуді ешқашан жоспарламаған.

— Құрметті профессор, археологиямен неге айналыса бастадыңыз?

— Әрбір бала сияқты мен бала кезімнен ежелгі мыңжылдықтағы өркениеттер туралы әңгімелерге құмар болдым.
1985 жылы, 8 жасар кезімде Солтүстік Италиядағы Турин қаласында профессорлар Гулини және Инверниццидің жетекшілігімен (кейінірек олар менің университеттегі оқытушыларым болды) «Қосөзен арасындағы жер» атты көрме өткізді. Көрмеге қойылған Ур қазбаларынан табылған (Месопотамия астанасы — редактор ескерт.) піл сүйегінен жасалған әшекейлер мен бұйымдар өте керемет әсер етті. Осылай менің археологияға деген қызығушылығым басталды. Алайда ғылыми зерттеуімнің ең басында мен өз елімнің тарихын зерттеумен айналыстым.

— Өз ғылыми мүддеңізді скифтер өркениетін зерттеуге неліктен ауыстырдыңыз?

— Студент кезімде, мен өз зерттеуімді Оңтүстік Италияны грек отарлауына арнадым. Содан кейін кіші Азия мен Қара теңіз жағалауларындағы грек отарлауы туралы ұғымды алғаннан кейін, мен ғылыми зерттеуімді жергілікті тұрғындарға аудардым, олар гректермен, әсіресе скифтермен жақсы қарым-қатынаста болды. Маған заматта, ақ олардың өнеріне ғана тән, аң стилі ұнады: олар өте көне және заманауи, натуралистік, абстрактылы. Менің таң қалысымда шек болмады!
ЖОО қабырғасын тәмәмдай салып, скифтер өркениетін зерттеуді жалғастырдым. Содан кейін профессор Антонио Инверницци Нисадағы итальян-түркімен археологиялық экспедициясына қатысуға ұсыныс жасады. Сөйтіп, мен Орталық Азияға бет бұрдым. Осының арқасында бүкіл Еуразиялық континентте орналасқан көшпелі өркениетті жақсы түсінуге мүмкіндікті алдым: скифтер сақ халқына жатқан екен, мен оның әр түрлі тайпаларын зерттеуге тартылдым.
Осылай, бірте-бірте менің зерттеулерім мені Шығысқа әкелді. Мен скифтерді зерттеуге ешқашан жсопарлаған емеспін, бірақ жұмыстың әрбір кезеңі мені осыған итермеледі.

— Скифтердің әлем өркениетіне тигізге әсері туралы әңгімелеп беріңізші.

— Көшпелі тайпалардың адамзат тарихындағы рөлі өте үлкен. Көшпенділер үлкен арақашықтықтарға саяхат жасады және өз өмірін саудаға арнады, олар бір-бірінен алыс отырықшы қоғамның арасын байланыстырып тұратын буын сияқты болды.
Сақтар Еуразиялық континенттің кең аумағында өмір сүрген көшпелі тайпалардың үлкен одағын құрды. Олар грек, парсы, қытайлар арасындағы өзара өзара байланыстырушы буын іспетті болды.
Сақтар отырықшы халықтарды қызықтыратын ерекше ресурстарға — алтын мен құнды тастарға өте бай болды, олардың туған жерлері Орталық Азияда орналасқан. Сақтардың аттары өте қымбат болды және сондықтан олар, ақсүйектер мен әскерлер арасында үлкен сұранысқа ие болды. Аң терісі мен, ағаштың жеткізілуі гректер мен парсылардың экономикасы үшін аса маңызды тұғын.
Жазба деректер шын негізінде скифтерге жүгінеді, осы тайпаға бір кітапты арнаған грек тарихшысы Геродот олардың қоғамын толық сипаттаған. Гректер мен парсылар арасындағы дәуірлік кезеңде скифтер маңызды рөл ойнады.
Сонымен қатар, грек сауыттар мен ахменид бедерлерінде скифтердің бейнелері өте жиі кездеседі. Оларды «варварлар» деп атаған, себебі олардың сыртқы пішіні мен тілдері мүлдем басқа болған, бірақ скифтер сол уақыттың ірі ойыншылары мен отырықшы халықтардың саудагерлік серіктестері болды.e5fd9c7c8c918f620a82df93aa486938.jpg

Қазба жұмыстарында. Ниса, Түркменстан

— Бұдан басқа сіз ерекше белгілердің (тамға) зерттеулерімен айналысқаныңыз жайлы білеміз. Олардың қызметі қандай болды және жазбаға қандай қатысы бар?

— 2009 жылы Парфян Нисадағы қазбалар уақытында біз мөрі бар балшықтан жасалған заттарды таба бастадық. Нақты қарастыру мен схемалық суреттері бар бірегей таңбалар тобын байқадым, онда қандай суреттер салынғанын түсіне алмадым. Италияға оралғанда тиісті құжаттаманы жасағанда мен аталған тамға сияқты (түркі термині) рулық белгілер бойынша бірнеше жұмыстарға тап болдым, бірақ оларға нишан (иран термині) жақсы келеді. Осы белгілер көптеген жылдар бойы көшпелі халықтар өз малдарына белгілеп отырған, бірақ тиісті жазбалары болмаған.

Осындай белгілер әртүрлі тәртіпте орналасқан қисық ілмектер мен сызықтардан тұратын схемалық сызбаларды құрады, бұл әрбір адамға бір қоғам шегінде белгіленген зат немесе жануардың иесін тануға мүмкіндік берді.

Басқа да бұл белгілердің ерекшелігі олар тұтас бір отбасыға тән болды, әрбір отбасы өз тамғасымен пайдаланды, ал осы топтың белгілердегі ерекшелігі аз ғана болды. Бұл отбасының жеке адамға қарағанды маңызды болғанын айтады.
Археологтардың аз саны осы тақырыпты зерттемегенін байқадым, сол себептен осы саланы зерттеуге шешім қабылдадым.

5013f35d94ebe669ac60d2b6519b23f9.jpg

Тамға таңбасы. Ниса, Түркменстан

— Қорытындылай келсек, археолог болуды армандаған жастарға не айтар едіңіз?
— Мамандыққа адал болу керек — археолог болу өте қиын! Бұл жұмыс көп уақыт пен күшіңді алады, сосын бұл қоғаммен қарым-қатынасыңа жағымсыз әсер етуі мүмкін, себебі археолог бірнеше апталап, айлар бойы туыстардан алыс қазба жұмыстарында болады.

Сонымен қатар, археолог сарқылмайтын қазынаны тауып алса да. ешқашан бай болмайды!
Бірақ бұл өте қызық жұмыс: таңғажайып орындарға барасың, әртүрлі мәдениет өкілдерімен кездесу мүмкіндігің бар, ежелгі уақыттан келген затты қолыңа алғанда, айтып жеткізуге болмайтын сезімдерді бастан кешіресің және көп жылдар бойы қолданылмаған қыш құмыраны қолға алған бірінші адам екеніңді сезіну бір бақыт!

Бұдан басқа, архелог әрбір өркениеттің өткеніне өз үлесін қосатынына мақтан етеді, онсыз осы күнді және болашақты құру мүмкін емес.

Археологтарсыз біз Есік көлінен табылған "Алтын Адам" сияқты мәдени жауһарды көре алмас едік, мұражайлар да болмас еді. Туристер-де аз болар еді және ел экономикасы да зардар шегер еді деп ойлаймын.

Сондықтан, егер сіздер шын мәнінде археологиямен айнлысқыларыңыз келсе, сіздер мақсатқа ұмтылып қиыншылықтарға төзулеріңіз қажет. Себебі сіздер көптеген қызықтар мен қиыншылықтарды кездестіресіздер! Ешқашан берілмесеңіз, өз арманыңызға жетесіз және сіздер әлемдегі ең жақсы жұмыстардың біріне ие боласыз!

Инна КУЗЬМЕНКО



Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?