Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Астанадағы Кубриннің үйі

2234
Астанадағы Кубриннің үйі - e-history.kz
Астана еліміздің жас астанасы болса да жазылар тарихы көп. Қала тарихында із қалдырған тұлғалар мен ғимараттар саны шахарымызда аз емес.

5ea6591c90c94a13e8498536e925d311.jpg

Соның бірегейі қазіргі мемлекет қорғауындағы, 1910 жылы іргетасы қаланған Көпес Кубриннің үйі.

Кенесары мен Әуезов көшесінің қиылысында орналасқан ғимарат ары-бері өткен тұрғындар мен қала қонақтарының назарын өзінің керемет архитектурасымен қызықтырары анық.

11785550c400eb37c29a95ba28092319.jpg

Ғимараттың ауладан түсіргендегі көрінісі

Бүгінде ол жерде Украинаның Қазақстандағы елшілігі мен консулдығы қоныс тепкен.
2001 жылдан бері аумағы 533 шаршы метр болатын ғимаратта елшілік орналасқан.

Ғимарат тарихын тарқатпас бұрын Кубриндер кім деген сауалға жауап іздесек. Түбі казак Константин Кубрин осы әулеттің негізін салушы, саудагерлікпен айналысқан. Оның әлекедей жаланған ұлдары Андриан мен Матвей әке жолын жалғастырып әкетеді.
1891 жылы осы әулеттің мүшесі Степан Кубрин қала басшысы болып сайланады. Бүгінде елордада оның есімінің құрметіне көше атауы берілген. Ол көшеде қаламыздағы № 60 білім ошағы орналасқан.

Әулеттің екінші ұлы Матвей мен оның үлкен баласы Василий ата дәстүрі саудадан алыстамай, кәсіптерін дөңгелетіп, қайырымдылық шараларымен-де айналысады. Қала тұрғындарын зергерлік бұйымдардан бастап, қантпен-де қамтамасыз етеді. Ақмоладағы ең үлкен дүкен осы Матвейдікі болады. Ол қазір Кенесары-Бөкейханов көшесінде орналасып бүгінге дейін жеткен «Астана» дүкені.

Екі қабат зәулім үйді соққызған Василий Кубрин. Құрылыс 1910–1912 жылдары аралығында жүргізілген. 

521b8a3777abe40c4e16fc0923525241.jpg

Аула

Революцияға дейінгі аралықта үй 40 мың рубль немесе 700 жылқыға бағаланған. Ауласында, ағылшындық үлгідегі бақ егіліп, флигель, азық-түлік сақтайтын жертөле және сол заманның көлігі ат-қора орналасқан.

6c8d8181b82f337c9e3843dc3e72f106.jpg

6193e0fad107297bf2819edf0ca0a06a.jpg

52eb9f57764911b9139c8b7c3ae51f74.jpg

Кубриндер үйінің бірінші қабаты


Үйдің соғылу тарихына келсек, кәсіпкерлікпен Санкт-Петербургке барған Василий сол жердегі театр әртісі болып жұмыс істейтін сұлуға көзі түсіп, оны өзімен бірге, Ақмолаға алып кеткісі келеді. 

dca5dbbb47859ae4f47440081c241de3.jpg

Үйдің екінші қабаты, бұл жерден тікелей көшеге шығып кетуге болады.

Алайда сән-салтанатты Петербургке үйреніп қалған ару, Ақмоладан өзіне арнап, кең сарай салуын сұрайды. Осыдан келіп көпшілікке кең танылған Кубриндер үйі бой көтереді.

5f56d709713a93dbe3ae555756626242.jpg

Екінші қабаттағы дәліз. Бұл жерде елшінің жұмыс бөлмесі мен қабылдау залы орналасқан.

Алайда жас жұбайларға бұл шаңырақ құт болмаса керек. Арада аздаған жылдар салып бой көтерген революция нәтижесінде билік басына келген билік отбасының шаңырағын алып қояды.

67df58947617c22440e0b4e5be337d66.jpg

Бүгінде бұл үйде елшілік орналасқандықтан. Үй қабырғаларында Украинаның ұлы ақыны, Қазақстанда айдауда болған Т.Шевченко мен Қазақстанда қызмет еткен елшілердің суреттері ілінген.

45acb7089fa54955a303d6239bc00c54.jpg

Украина елшісіне Қарағанды кеншілерінің сыйы.

Бұл үй Халықаралық Вена конвенциясына сай Украина елінің аумағы болып саналатындықтан бүкіл бөлмелерді суретке түсіріп шыға алмадық. 

b02dc38142e009f738c342a4092de368.jpg

Жамбыл Жабаев мүсіншесі мен Тарас Шевченко портреті

Мемлекет қарауына өткен ғимарат өткен ғасырдың 20-шы жылдары жұмысшы-шаруа клубы мен кітапхана болады. Кітапхана демекші қалалық кітапханасына Кубриндер әулеті жинаған кітаптар негіз болады. Кейін қалалық атқару комитеті мен революциялық үштіктің кеңсесі орналасып, жергілікті ОГПУ-НКВД, милиция бұл ғимаратта тарихтағы өз іздерін қалдырады.

Елуінші-алпысыншы жылдары қалалық білім басқармасы мен Пионерлер үйі деп аталады. Алпысыншы жылдары облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қарамағына берілді.

Олжас БЕРКІНБАЕВ

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?