Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Мәдени серуен: ҚР Тұңғыш Президентінің музейі

2396
Мәдени серуен: ҚР Тұңғыш Президентінің музейі - e-history.kz
Қала күні қарсаңында біз ҚР Тұңғыш Президентінің Астанадағы бірінші резиденциясына барып қайттық. Бұл жерде бастапқы қалып осы уақытқа дейін сақталған.

Дәл осы жерде 1997 жылдың 10 желтоқсанында жаңа астана дүниеге келгені хабарланды.
Н.Ә.Назарбаевтың 1994 жылы астананы ауыстыру жөніндегі мәлімдемесін көпшіліктің сенімсіздікпен қабылдағаны анық. Оған себепте жоқ емес еді, елдің жағдайы қиын болатын, бүкіл қалалар мен ауылдарда электрэнергиясын беру сиреп, зауыттар мен фабрикалар өндіріс қарқынын бәсеңдетіп жатты. Қарапайым халық жалақы мен зейнетақыны айлап көрмеді. 

Көптеген өндіріс ошақтары жабылып жатты. Қазақстан КСРО күйреген соң қиындықпен өз аяғынан тұрған кезең болатын.

Тек Елбасы ғана өз шешімінің дұрыстығына сенімді болды. Ол өзінің ойлаған мақсатына күмәндарды сейілтіп, күдіктерді жеңе отырып жетті. Президентіміз қателескен жоқ: елорданы ауыстыру саяси, экономикалық тұрғыдан өз-өзін, ақтады.

Ақырына дейін астананың Алматыдан, Ақмолаға ауысатынына ешкім сенген жоқ. Н.Ә.Назарбаевтың кезең-кезеңдерімен Жарлықтары мен Өкімдері жарияланып, мемлекеттік органдарды, Ақмолаға көшіру жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Алайда Президенттің Ақмоладағы резиденциясының құрылысы аяқталған соң, астананың ауысқанық еді.

1997 жылдан бастап 2004 жылға дейін, жеті жыл бойы бұл резиденцияда елді дағдарыстан шығару мен дамудың жаңа көздерін іздеу жөніндегі жұмыстар күні-түні қайнап жатты.

Н.Ә.Назарбаевтың жаңа резиденцияға ауысқанына арада он жыл салып, елбасының елордадағы бірінші резиденциясы бүкіл елге танымал мұражайға айналды. Ол ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайы деп аталады.

ff84a832b8bf1c24e3c2c23e432b5f61.jpg

Президенттің жаңа резиденциясы

«Президент резиденциясына келу қолжетімді, Президенттің жұмыс бөлмесін көріп, жоғары дәрежедегі кездесулер өткен залдар мен әр түрлі наградалар мен сыйлықтарды тамашалай алады. Бұл жерде ештеңе өзгермеген. Жұмыс кабинеті, заттардың орналасу реті бәрі сақталған» деп Әсел Шоткина бізге мақтанышпен түсіндірді. Ол мұнда Мұражайдың экскурсия ұйымдастыру және қызмет көрсету орталығының жетекшісі болып қызмет етеді. Шынымен-де мұражайды аралап жүргенде Президент әні-міне дегенше өз бөлмесінен шыға келетін секілді.

a0ba60d177cdad04029a407d2585b484.jpg

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі — Қазақстанның жаңа тарихының музейі. Ол Президенттің 2004 жылғы 28 тамыздағы Жарлығымен құрылды. Музей алғашқы келушілерді Мемлекет басшысының бұрынғы Резиденциясының ғимаратында 2005 жылдың наурызында қабылдады.
Музей экспозицияларында айтылатын негізгі идея республиканың мемлекеттік егемендікке қол жеткізуі мен оның Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тәуелсіз демократиялық мемлекет құрудағы тарихи рөлі болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорында 126 000 астам сақтам бірлік бар, соның ішінде Мемлекет Басшысының жеке кітапханасының қоры 16 000 астам дана кітап пен баспа басылымдарынан, Мемлекет басшысының жеке мұрағатының қоры 100 000 жуық сақтам бірлігінен тұрады. Музей қорын 8 000 астам сақтам бірлік құрайды. Жалпы аумағы 12 мың шаршы шақырым. Резиденция музейге айналғанымен әлі күнге дейін Президент жылына бір-екі рет жиналыс өткізіп тұрады.

Жұмыс күндері үшінші қабатта Президент кабинеті орналасқан. Екінші қабатта Президент әкімшілігі жұмыс жасап, Төртінші қабаттағы күмбезді залда салтанатты шаралар мен қабылдаулар болып отырған. Бұл орында құрметті қарауыл тұрып, Президент өз кабинетіне кірген сайын құрмет көрсетіп тұрған.

«Әлемде мұндай музейдің теңдесі бар ма?» — деп Әселден сұрағанымызда, «Беларусь Президенті А. Г. Лукашенко резиденциясы жұмыс жасап тұр, күллі кедергілерден өтіп, кіруге болады. Үлкен есеппен қарасақ әлемде бізге тең музей жоқ. Бізде мақтан тұтар нәрсе бар» деп Әсел өз сөзін қорытындылады.

Президенттің қабылдау бөлмесіне елбасының туған жері мен отбасы, мектептегі жылдары жайлы сыр шертер «Атмекен» экспозициясы арқылы кіре аласыз. «Жеті атасын білген ұл, жеті ұрпақтың қамын жер» дейді халық даналығы. Президент Қарасай мен Бөлектей батырлар шыққан шапырашты руынан.

021009d97f61a45ca544989349c0355c.jpg

Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Ол отбасындағы төрт ұлдың үлкені болды. Олардың отбасы еңбекқор, мейірімді болатын.

8ce4882d7913d933ca9ffc02f0e2221c.jpg

Н. А. Назарбаев отбасы
50-ші жылдардың қиыншылықтарына қарамастан жасөспірім Нұрсұлтан өте жақсы оқыған. Бірінші мұғалима — Такура Исмаилова болды.

2970fcf98ca92e181bc513c70c507af8.jpg

Шамалған мектебі

f207e08669065bcb69b2028f50031603.jpg

Аттестат беру кітабы. Тізімде он алтыншы болып тұрған — Нұрсұлтан Назарбаев.

c1e353291a338bca42555968c1984d02.jpg

Президенттің жұмыс бөлмесіне Президенттің жұмыс жылдарына арналған экспозиция залы арқылы кіруге болады.
Мектеп бітірісімен Нұрсұлтан Әбішұлы, аумағы ұлан-ғайыр Кеңес елінің екінші қиыры Днепродзержинск қаласына оқуға аттанады. Днепр металлургия заводына келісімен домнашы жұмысына жібереді сонымен қоса ол қосымша оқуға кіріседі. Бір күні жұмыстан тыс уақытта зауыттың бас шебері оған қарап: «Нұрсұлтан саған Министрлер Кеңесінің төрағасы болу керек» деген екен. Шындыққа айналған сөз.

6d92c94579001c897b49d00ecd6884f3.jpg

48d682d898213e19b51e7acaf1d4276e.jpg

Н.Ә.Назарбаев Қазақ ССР Министрлер Кеңесіні төрағасы болған күні осы мақала жарияланды.

1960 жылы 3 маусымда Теміртауда алғаш қазақстандық шойын қорытылды. Қазақстандық Магнитка Орта Азия бойынша ірі металлургиялық комбинаттардың біріне аййналды. Президент биографиясы Теміртау биографиясымен тығыз байланысты. Нұрсұлтан Әбішұлы: «Егер Теміртау болмаса, президент ретінде мен-де болмас едім. Комбинат домнасындағы 9 жылдық қызмет барысында әрқайсымыздың төзімділігіміз шыңдалды», — деп айтқан болатын.

6685d60debf75ded612502d37a82107a.jpg

Бұл куәліктер Нұрсұлтан Әбішұлының позициясын айқындайды. Олардың барлығы — Президент мансапқа жету жолындағы анықталған плацдарм.
Ю. А. Гагаринмен жүрекке жақын кездесу. Нұрсұлтан Әбішұлы ол кезде Юрий Алесеевичке келіп: «Сізге қазақ жерінен ұшу бұйырған екен, олай болса сізге қазақстандық делегациямен суретке түсуге тура келеді» деген екен.

64ea37aa3beb67c190642afa4b62196b.jpg

Юрий Гагаринмен сурет: жоғарғыда, сол жағында.

be59a106ca282450b27550b000664f23.jpg

8618a956ed06f4c02019ef258200e845.jpg

Президент тағар айырым белгілері

44103b4167fc1e6f09ca007de3d60861.jpg

c92e42301b7f30395a9721ba307a96da.jpg

Елбасымыздың өмірбаянымен танысып, ол кісінің кабинетінде отырмыз. Бұл қабырғаларда ерен еңбектің жеті жылы өткен, мына кішкентай ғана шеңберде кездесулер болып, келісімдерге қол қойылған, тағдырымыз шешілетін қаулылар қабылданған.
Әрі қарай біз бұрынғы Президент резиденциясы болған, ал бүгінде ол Күмісті және Күмбезді деп аталатын музейдің екі символикалық залына көштік. Бұл залдар айрықша түстермен боялған.
Бұл залдарда айрықша түс бар. Күміс залда құжаттарға қол қойылып, ресми іс-шаралар өтіп, мемлекеттік марапаттар тапсырылған. Бүгінде бұл залда «Президент наградалары — халық мойындауы» деген көрме ашылды. Келушілер күллі Қазақстан халқына берілген 30-дан астам елдің наградаларын тамашалай алады.

8586cc0394d080ba7d0b0eb0e0a89c64.jpg

Әлемнің бүкіл елдерімен достық қарым-қатынастың орнатылуы, бүкіл әлемдік ядролық қарусыздануға қосқан үлестер мен қазақ халқының толеранттылығы мен басқа да жақсы қасиеттеріміз — жоғары дәрежеде бағаланады. Залда еуропа, мұсылман, азия елдерінің наградалары ұсынылған.
Мәселен Италиялық «Үлкен крест кавалері», Петр І Жарлығымен бекітілген Әулие апостол Андрей ордені (1998 жылдан қайта беріле бастаған орденді тек академик Д. Лихачев, конструктор М. Калашников и Н. Ә. Назарбаев) қана алған.

Әлемдегі ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін Президент Әулие Михаил Орденінің Үлкен Крестімен және Әулие Георгий орденімен марапатталған. Айта кетейік, Қазақстан — ТМД елдерінде Сауд Арабиясы елінің орденіне ие болған жалғыз ел.

bbd7b6d68e60100c73053955adf360bf.jpg

baba4cfe00e111e2cd1e368c663b856b.jpg

Күмбезді зал — резиденциядағы ең үлкен зал. Үлкен зал шаңырақ іспетті әрленген. Шаңырақ — ортақ үйіміздің символы. Дәл осы жерде 16 жыл бұрын жаңа астанамызды жариялады. «Бүгіннен бастап ғасырлар бойы, аумағы үлкен еліміздің дәл жүрегінде халық тағдыры үшін маңызды шешімдер қабылданады. Еліміздің жүрегі осы жерде соғатын болады. Үшінші мыңжылдықта Қазақстан өзінің тарихи тағдырын анықтайтын болады». әлі күнге дейін залда Президентпен кездесу өткізіліп тұрады.

c6c1fba445b09cad9367151ac258282e.jpg

0a74d5e5f8b754d11001dc1797dc2922.jpg

Қазақстандықтарда ҚР Тұңғыш Президентінің музейін тамашалауға зор мүмкіндіктері бар. Мұнда келіп Мемлекет басшысының жұмыс кабинетін өз көздерімен көріп, Президент пен Қазақстан халқына сыйға берілген тартулар мен марапаттарды тамашалап, Елбасының жеке қару-жарақ топтамасын тамашалай алады.
Бір мақтанарлығы — әлемдегі жалғыз Президенттік музей — резиденция.

Людмила ВЫХОДЧЕНКО

Аударған
Олжас БЕРКІНБАЕВ

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?