Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Казахстанская правдаға» 95 жыл

2128
«Казахстанская правдаға» 95 жыл - e-history.kz
«Газет — тарих секундының тілі» Артур Шопенгауэр

Журналистер күніне орай е-history.kz Порталы Қазақстандағы республикалық орыс тілді газет «Казахстанская правданың" тарихын білмекке — барып қайтқан болатын.

1920 жылы 1 қаңтарда «Известия Киргизского края» газеті елімізге танымал басылымның алғашқы атауы еді.

Редакцияда біз газеттің басқарма төрағасы Тараков Александр Юрьевичпен кездестік. Ол осы газетте 1994 жылдан бері жұмыс істейді.

8eec02468939e7aba8ff7f24acc28290.jpg

-Александр Юрьевич, «Казахстанская правда» газетінің тарихы жайлы қысқаша айтып берсеңі.
— Алдағы жылдың бірінші қаңтарында «Казахстанкая правда» газеті 95 жасқа келеді. Республикалық орыс тілді газеттері арасында ол ежелгісі болып табылады. «Егемен Қазақстан» бізден екі жұмаға ғана үлкен. Бірақ жас үлкен облыстық газеттер-де бар, «Костанайские новости» газетінің жасы жүз жылдан асады.

«Казахстанская правда» газетінде әртүрлі тарихи атаулар болды. Ол «Известия Киргизского края», «Степная правда», «Советская степь» деп аталды. Ол 20-шы, 40-шы жылдары шыққан, яғни қазіргі уақытта оның тарихы қомақты.

Қазіргі таңда газет таралымы 110 мың. 2000 жылдан бастап, ағылшын тіліндегі Интернет-нұсқасы пайда болды, оны шетелдік дипломаттар жоғары бағалауда.

27a45bf4cf7e6290e3c70638edc384e4.jpg

«Казахстанская правда» газеті, 1961 жылғы 11 сәуірдегі басылым

e89d9a1c1e0df7492397814759c5dc6d.jpg

«Казахстанская правда» газеті, 1990 жылғы 25 сәуірдегі басылым

-«Казахстанская правда» газетінің бастауында кім тұрды? Негізін кім қалады?

— Ең алғашқы редакторларын табу қиын, себебі олардың көбі 20–30 шы жж. жазаға тартылып, өте жиі ауысып отырған. Өз уақытында Федор Михайлов бүкіл адамдардың есіңде қалды, ол «Казахстанская правда» газетін өте ұзақ уақыт 60-70-шы жылдары басқарды. Федор Прокопьевич Дінмұхамед Қонаевтың өзімен жақсы қарым-қатынаста болды. 90-шы жылдардың соңында оның баласы Валерия Михайлов редактор болды.

Ельцин жанындағы Ресейдің баспасөз министрі болған, ресейлік кәсіби тілші Михаил Полторанин өз уақытында «Казахстанская правда» газетінде жұмыс жасаған.

b02913d4245580ea8ed4e13121c2c324.jpg

40-шы жылдары соғыс уақытында Алматыға мәдениет қайраткерлері мен көрнекті кеңес тілшілерін көшірген кезде, олардың көбі «Казахстанская правда» газетінде қызмет еткен болатын. Бертгольц, Маршактар Алматыда тұрып, біздің газетке мақала жариялап отырды. Қазір «Казахстанская правда» газетінің ардагерлерінің көбі бұл өмірде жоқ.

-Қазіргі уақытта сөзден қорықпайтын мықты тілшілер бар ма?
— Сөзден қорқу керек, сөзге ұқыпты қарау керек. Қазіргі жастар сөз мәдениетін қалыптастыратын классиканы аз оқиды.
Қазіргі уақытта тағы мынандай мәселе: сөзге шектеу болмаған уақытта тілші үлкен көлемдегі мақалаларды жазуға мәжбүр болады. Кеңес уақытымен салыстырғанда журналистика үлкен-деңгейдегі, ақпаратты қамтуда, ал бұрын очерк пен суреттемелерді жазған уақытта публицистика басым болатын. Бұрын айына 2–3 материалды беру ұят болып саналды, бірақ сен сол материалдарды жан-жақтан дұрыстауың керек еді. Қазіргі журналистикада жазғыштар көп, очерк жазатындар аз. Соңғылары «Казахстанская правда» газетінде өшуде.
Бізде ескі кеңес мектебінің өте мықты өкілдері бар, қазіргі жастар оларға қарап өздеріне керектісін үйренуде.
Қазақ журналистикасында жаңғыру қарқыны өте баяу, сол себептен очерк пен публицистика жақсы жағдайда.

09a8a7ee16a58a6a3170d85ee580da11.jpg

-Қазақстан Тәуелсіздікті алғаннан кейін газетте қандай өзгерістер болды?

— Көп өзгерістер болды. Тәуелсізідкке дейін «Казахстанкая правда» төрт беттен тұрды. Олардың үшіншісі ИТАР-ТААС материалдарымен толтырылатын, бұдан басқа саяси бюро, маңызды үкіметтік шешімдер жіне т.б. сияқты жалпыға бірдей жариялану үшін Мәскеуде дайындалған материалдар басылып отырды. Осылай тілшілер екі жарым бетті ғана толтырып отырды. Ал қазір біздің стандарттық нөмірімізде 16 бет және оның ішіндегі 12 беті тілшілердікі. Газет көлем жағынан өсті. Соынмен қатар қазіргі уақытта біз Интернет-редакцияның жұмысын жолға қойдық.
-Александр Юрьевич, Қазақстанның жас тілшілеріне айтар тілегіңіз бар ма?

— Алдарыңа үлкен мақсаттар қою және ешқашан қол жеткізген жетістігіңмен ғана қалып қоймау.

01.07.2014 ж.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?