Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

e-hisory.kz қызметкерлері «Болашақ» қауымдастығының семинарына қатысты

1616
e-hisory.kz қызметкерлері «Болашақ» қауымдастығының семинарына қатысты - e-history.kz
«Болашақ» бағдарламасы түлектерінің Қауымдастығы ұйымдастырған «Бизнесті жүргізу: веб-сайтты жасау негіздері» атты семинар-тренинг өтті.

Үстіміздегі 14 маусымында Астана қаласы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен өткен 

семинарға web-сайт пен  IT саласы сұрақтары бойынша мамандар, графикалық дизайнерлер , web-жасаушылар, студенттер, Астана және Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және тағы басқа облыстардың «Болашақ» бағдарламасының түлектері қатысты. Сонымен қатар «Қазақстан тарихы» порталының қызметкерлері семинарға белсене қатысты.

Спикерлер «BusinessTrade»  басы директоры Әділ Қойшыбаев және «Болашақ» бағдарламасының түлегі, «C.A.P.» талдау және болжамдау орталығы» ҚҚ төрағасының орынбасары Бірлік Мендыбаев болды.

Қатысушыларға Интернет желісінің іздестіру жүйесі, web-сайттарды жасау, Интернеттегі бизнестің дамуы бойынша шағын дәрістер оқытылды. Семинардың бір бөлігі Интернет желісіндегі кәсіпкерлік үшін web-құрылымдар, жеке бизнес-модельдерді құру көмегімен сайттарды жасаудан тұрды.

«Қазақстан тарихы» порталының жетекшісі, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Диас Есдаулетов арнайы шақырылған қонақтардың бірі болды. Ол семинар қатысушыларына е-history.kz  білім порталының мысалында сайттарды ғаламтор кеңістігінде жылжыту механизмі жайлы әңгімеледі.

«Қазақстан тарихы» порталы – ежелгі уақыттан қазіргі уақытқа дейін еліміздің ұлттық тарихына арналған болжалды жобалардың бірі. 2013 жылғы 25 қыркүйекте Ақордада «Қазақстан тарихы» веб-порталының ресми таныстыру рәсімі өтті. Үстіміздегі жылдың наурыз айында портал келешек жылжу, техникалық қостау және контенттік толтырумен айналысатын «Қазконтент» АҚ балансына қабылданды.

Семинар аясында «Қазақстан тарихы» Интернет-жобасының жетекшісі сайт міндеттері мен үлкен көлемді ақпараттар үшін дизайнның қолайлығын, сандық білім ресурстары, интерактивті карта, болашақ арнайы жобалар туралы келелі мәселелерді әңгімеледі.

Мысалы, Порталдағы интерактивті карта – еліміздің мәдениет ескерткіштері бойынша бірегей электронды жолнұсқа. Карта пайдаланушыға туып өскен және тұрып жатқан орындар туралы көрнекі және қолжетімді түрде әңгімелейді.

Алдағы уақытта порталда төрт арнайы  жоба пайда болады. Олар ғылыми сарапшылар тобының қазақ халқының аңыздарын зерттеу және жинау бойынша жұмысын, қасиетті орындар мен ұлттық оюлар және өрнектердің мағынасы туралы ақпаратты бейнелемек.

«Қазақстан тарихы» Интернет-жобасының жетекшісі сөзін аяқтғаннан соң семинар қатысушылары осындай жобаны құру міндеттері туралы пікірлерін айтып, порталдағы матералдардың дереккөздері туралы сұрақтарды қойды.  е-history.kz қызметкерлері залдағы қатысушылардан өз жұмысының бағасын естіп, сонымен қатар Порталдың әрмен қарайғы даму сұрақтарын талқылады.
Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?