Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

40 жылдан астам тәжірибесі бар хирург

1249
40 жылдан астам тәжірибесі бар хирург - e-history.kz
Цойлар отбасын дәрігерлер әулеті десекте болады. Бұл әулет тарихы бұрынғы Целиноград қазіргі Астана қаласы тарихымен тығыз байланысты. Әулет басшысы Гилен Васильевичтің еңбек өтілі 40 жылдан асады.

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында біз әйгілі хирургтің ұлы Олег Гиленовичпен кездестік.

1937 жылы мединституттың болашақ студенті Гилен Васильевичті өзінің отбасымен бірге Владивостоктан Қызылордаға жер аударады. Сол кезден бастап оның тағдыры мәңгілікке Қазақстан медицинасымен байланысты болды. Корейліктердің Қазақстанда 70 жыл тұрғанына арналған «Тағдыр жолы» кітабында төмендегідей деректі оқуға болады: «Мынандай феномен бар: қазақстандық корейліктердің шығу тегі ресейден. Бұл Қиыр Шығыста туған, 1937 жылы Қазақстанға жер аударылған менің отандастарым. Олардың қатарына мен де жатамын, шығу тегім бойынша кореймін, туу куәлігім бойынша ресейлікпін, өмір мен тағдырым бойынша қазақстандықпын».

Гилен Васильевич Ақмола облысындағы медицина дамуына өмірін беріп қана қоймай, есте қалатын ерекше жағдаймен өзінің қазақстандық екенін дәлелдеді.

«Корей жарты аралында соғыс басталысымен1952 жылы менің әкемді үкіметтік іссапар құрамында соғыс ошағына жіберді, – деп, Гилен Васильевичтің ұлы еске алады. Әкем корей әскерінің басты хирургінің кеңесшісі болды. Ол кезде небәрі 34 жаста еді. Сол жерде ол бір жылдан көп болды. Өте көп операциялар жасады. Соғыс аяқталғанда, әкем Ақмолаға оралды, бірақ бұл жұмыстан кейін басқа бір қаланы таңдауға мүмкіндігі болды. Оған Мәскеу мен Ленинградта қалуға ұсыныстар жасалды. Алайда ол өзінің отбасы орналасқан Ақмолаға оралды және ол осында өзінің керек екендігін сезінді».

Жас хирургтің бастапқы жолына оралсақ. Рабфакты аяқтағаннан Гилен Васильевич Алматы қаласының мединститутына оқуға түседі. Соңғы  курстың оқып жүргенде  Қызылордаға үйіне демалысқа келеді және қалаға Қырым медициналық институтының көшірілгенін біледі. Оқудың соңғы курсын ол осы институтта оқыды. Мединститутты аяқтағаннан кейін, Ростов облысының соғыстан кейін азат етілген аудандарында дәрігер болып жұмыс істеді. Содан кейін Қызылордаға оралып, қан құю Станциясында, содан соң Қызылорда қалалық ауруханасында хирург болып жұмыс істеді. 

1947 жылы шақыру бойынша жас дәрігер Ақмола облысына келеді. «Сол кезде барлық республика бойынша облыстардың басты хирургтарының институты жаңа ғана енгізіле бастады. Әкем облыстың бірінші басты хирургі болды. Оның бүкіл өмірі тың аймағы мен Есіл бойы деп аталатын осы жермен тығыз байланысты болды», – деп ұзақ ойға шомды Олег Гиленович.

7ab15938eb1eec44c59ef9109dd739c4.jpg

Гилен Васильевич Цой

Тың және тыңайған жерлерді игеру медицина қызметкерлерінен де көптеген тың күштерді талап етті. Жаңа аудандар, совхоздар пайда болды сондықтан хирургия қызметін ұйымдастыру туралы мәселе қойылғанда, Гилен Васильевич  шет қалмай жаңа істің басында тұрды. Содан кейін тың аймағы пайда болды, оның құрамына Орталық және Солтүстік Қазақстанның бес облысы кірді және ол Өлкелік денсаулық сақтау бөлімінің басты хирургі болды.

Жас тәжірибеші хирург ауыл шаруашылығындағы жұмысшылардың  жарақаттану мәселелерін зерттеді. Зерттеуі екі диссертацияға айналды. 1967 жылы ол кандиданттық диссертациясын қорғады, бұл тың аймақтың дәрігерлері қорғаған бірінші кандидаттық диссертация болды, 1974 жылы Мәскеуде докторлық дәрежесін қорғады.

Гилен Васильевич кең ауқымдағы хирург болатын. Ерекше қиын көптеген операциялар жасады. Бұлар бауырға, өңеш, асқазан, тік ішек пластикасы бойынша күрделі операциялар еді. «Ол құрсақ қуысы органдарының сырқатымен айналысатын абдоминалдық дәрігер болды. Әрине, ол онкология, нейрохирургия, урологиялық науқастарға, көз жарақаты бар науқастарға операциялар жасады, себебі ол кезде офтальмолог болған жоқ, құлақ, тамақ және мұрын науқастарын емдеді. Травматологиялық науқастарда да болды», – деп әңгімеледі Олег Гиленович.  

Гилен Васильевич хирургиялық сырқаты кафедрасының хирург-кеңесші болып, өзінің еңбек қызметін 88 жасында аяқтады. 77 жасына дейін ол операциялар жасады, бүкіл Одаққа белгілі Жолшылар ауруханасының базасында жұмыс істеді. Бұдан басқа ол травматология институтында, Целиноград облысының аурухана базасында ұйымдастырылған ғылым институтында кеңесші болып жұмыс істеді. Ол ҒЗИ травматологиясының хирургиялық қызметін құрылған күннен бастап, соңына дейін кеңесші болды. «Облыстық аурухана базасында ҒЗИ травматологиясын ашқанда, әкем өте қуанды, оған әкем өте көп күшін жұмсады. Институтты басқарған Н.Ж. Батпенов – оның оқушысы және менің курстасым. Біздің травматология институтымыз мәскеуліктермен салыстырғанда ірі, бұдан басқа ол еуропалық стандарттар бойынша жұмыс істейді, ал мұндай медициналық мекемелер өте аз», – деп есептейді әйгілі хирургтің ұлы.

a13924a2beadd4c351c326ed47333c6d.jpg

ұлы, Олег Гиленович Цой

«Әр хирург күнделік жүргізеді, онда елеулі операциялар жазылады, бұл келесі ұрпақтар мен өзі үшін жасалады. Хирургия – бұл өмір бойы оқуды талап ететін мамандық. Бір аптада 3-4 үлкен операцияларды жасайды. Кей кездері аз, кей кездері операциялар көп болды. Қалай болса да, ешкім оны санап жүрген жоқ. Ол өмір бойы тәжірибеден өтуші операция жасаушы хирург болды», – деді  әкесі туралы әңгімелеген Олег Гиленович.

Биылғы жылы астаналық медициналық университет 50 жылға толады. Онда Гилен Васильевич облыстың басты хирург және хирургиялық бөлімінің кафедрасында доцент жұмысын қатар алып жұмыс істеді. Содан кейін госпитальдық хирургияның кафедрасын басқарды. Ол жерде 20 жыл басшылық етті.

«Әкемнің бүкіл өмірі хирургияға арналған. Француз хирургі Рене Лериштің мынандай нақыл сөзі бар: «Хирург хирургиямен өмір сүреді – ол мұңлы қажеттілік» одан жақсы айта алмайсың. Әкем ұзақ өмір сүрді (93 жасында қайтыс болды). Биылғы жылы ақпан айында өткір хирургиялық паталогиядан қайтыс болды, сәтті жасалған екі операциядан  аман өтті, бірақ ағзасы төтеп бере алмады».  

Цой Гилен Васильевич Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген дәрігері, жоғары санатты хирург, қазақстандық ҒА құрметті мүшесі, Кеңес кезеңінің көптеген ордендері мен марапаттарына ие. Медициналық ғылымдағы қызметі үшін Н.И. Пирогов медалінің иегері, Целиноград қаласының құрметті азаматы.

Ол өзінің барлық отбасы мүшелеріне медицинаға жол ашты. Оның жұбайы, екі ұлы дәрігер болды, немересі де Цой отбасылық дәстүрін жалғастырып медицина саласын таңдады. «Менде әкемнің жолын қудым: ғылым докторы дәрежесін қорғадым. 1972 жылы институтты тәмамдадым жұмысқа араластым. 1969 жылы институттың үшінші курсында жұмысқа орналасып кеттім. Жедел жәрдем станциясында медаға жұмысына орналастым, содан кейін бірінші перзентханасында  анестезист болып жұмыс істедім. Мен дайындықтың барлық кезеңдерінен өттім.

Ата-анаң дәрігер болса мамандық таңдауда қиындық жоқ. Дәрігерлер әулеті жиі кездесер жайт. Біздің институтта Д.И. Шакенов бар, ол өмір бойы менің әкеммен бір кафедрада жұмыс істеді. Кейін осы кафедраны басқарды, қазір оның ұлы кафедраны басқаруда. Қалада танымал травматолог Н.Б. Орловскийдің ұлы да танымал балалар травматологы болды».

Бүкіл елге әйгілі хирург Гилен Васильевич өз өмірімен таңдаған мамандықты қалай сүюге болатынын көрсетті. Астанада және одан тыс жерлерде ол өмірге қайта әкелген жүздеген адамдар өмір сүріп жатыр.

Бұл кісіні өмірін адамдарға көмектесу үшін арнаған таң қалаларлық, дарынды адам дер едім. 

Людмила Выходченко
Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?