Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Кемел Ақышев. Аса көрнекті археологтың табысы.

5144
Кемел Ақышев. Аса көрнекті археологтың табысы. - e-history.kz
Қазақстандағы археологиялық мектептің негізін қалаушылардың бірі К.А. Ақышевтің 90-жылдығына арналған ғылыми конференцияның ашылуы археологиялық табыстардың көрмесімен басталды.

Кемел Ақышев ерте әке-шешеден жастай жетім қалады. Балалық шағы ұжымдастыру науқанына тап келсе, жастық кезін – Ұлы Отан соғысының оты шарпиды. Біздің тарихтың қиын кезеңдерін бастан өткізген ол рухани тұрғыдан шыңдалып, өмір мен оқуға деген құштарлығы арта түседі. Ұмтылысының арқасында ол биік шыңдарды бағындырды.

Археология оны белгілі ғалым етті. Ғылым оның өміріне айналды. Ғалымды жетістікке жеткен адам ретінде бәрі құрмет тұтты, себебі ол Қазақстанды әйгілі еткен және ұлттық тарихты ғана емес, бүкілдүниежүзілік тарихты байытқан ескерткіш қазбалары оның жетекшілігімен өткен болатын.

«Есік қорғанынан табылған Алтын адам» мен Кемел Ақышев есімі мәңгілікке байланысты, ол 1969 жылы Қазақстанның оңтүстігінде археологиялық қазбалар барысында табылған.198df17d7c6cdaf14e7d9e80009244c8.JPG

«Есік қорғанынан табылған Алтын адам»

К.А.Ақышев басқарған Бозок қаласындағы экспедициясының таң қаларлық табысы – Алтынордалық әйелдің жерлеуі. «Ол бас жағында қойдың аяғы бар еді, ағаш табытта, моңғол дәстүрі бойынша жерленген. Осы белгілер бойынша моңғолдық жерлеу екенін анықтауға болады», - деді Ә.Марғұлан ат. археология институты филиалының аға ғылыми қызметкері Бахыт Хасенова.

e7fddab197bfb38de77462e8dc01d647.JPG

Жерлеу бойынша айтатын болсақ, әйел өте атақты болған. Көзі тірісінде ол дегдар тұқымымен ғана емес, сыртқы келбетімен де ерекшеленгенін оның қалдықтары бойынша айтуға болады. Бұл ұзын бойлы сұлу әйел болған. Жерленген әйелдің бойы ұзын және дене құрылысы шымыр болса да, оның білектері өте жіңішке болған, бұл күміс білезіктері бойынша көрінеді. Атақты моңғол әйелдердің бар бейнелері бойынша олардың бұйымдарын қайта жаңғыртуға мүмкіндік пайда болды. Бас киімі қайыңның қабығынан жасалған, ол матамен қапталған, салпыншықтары өзен гауһарынан жасалған. Есте қаларлық жайт – жерлеуге найза мен аттың ауыздығы салынған. Бұл ғалымдарды әйел билікке ие болған ойға итермелейді.

a6aeaa729f0033c4f6d312a8a8d61105.JPG

Бозоқ қаласының қазбаларынан табылған Алтынордалық әйел келбетінің қайта жаңғыртылуы

1998 жылы күзде Кемел Ақышевтің басшылығы бойынша археологиялық экспедициясымен Бозоқ қаласы ашылды. Бұзықты көлінің жағалауында Астана қаласынан 5 шақырым жерде (ескерт. Қорғалжын жолы) ежелгі ескерткіштің қираған үйінділері табылды. «Жер асты суы өте тұзды, ал көлдің өзі тұщы. Ол үлкен емес, бұл «дала табақшасы» деп аталады, көптеген құастар мен аққуларды көруге болады», -деп, Бахыт Хасенова өз әсерімен бөлісті.

7688f660cc7c573834adffccfee786e7.JPG

Бозоқ қаласы

Бозоқ – бірегей қала. Ол ежелгі Қазақстанның дала жазықтарында отырықшы тайпалардың мекендегеніне куәгер болды. Осыдан оның ерекше сәулеті көрінеді: қоныс-мекендері үш бөлек бөлімдерден тұрады. Ортасында – шұңқыр және үймекпен қоршалған орамдар бар. Солтүстік бөлікте тұрғын және өндіріс құрылыстар орналасты, ал оңтүстік бөлікте қорым орналасқан, сол қорымда Алтын орда уақытында тек «даңқты» адамдарды ғана жерлеген.

Кемел Ақышев осы таң қаларлық табыстың орнында қорық-мұражайы ұйымдастырылғанын қалаған, бірақ оны жүзеге асыруға үлгере алмады. Ескерткіштің қазбалары бүгінгі күнге дейін жалғасуда, көптеген студенттер археологиялық экспедицияларға келіп отырады. Бірақ қорғаусыз қалған қала, бұзылып жатыр. Бұл мәселені әзірше шешу мүмкін емес екені жайлы атақты қазақстандық археологтың жұбайы М.К. Хабдулина: «Шенеуніктерді қимылдатуға қолдан келмейді. Ал қазір мен кабинеттер бойынша жүруді қойдым: мұнда ғылыммен айналысу керек немесе есіктерді тоздыру керек. Жастардың біреуі осы жұмысқа кіріссе ғой» деді. 

Сонымен қатар Қазақстанның әр түрлі жерлерінен архелогтардың тапқан керамикалық ыдыстары көрмеге ұсынылды. «Бұл андронов керамикасының үлгісі, ол елдің солтүстігіне тән болып келеді, - деп, түсіндірді Бахыт Хасенова.

e93d76e584c8d5ed1e2cab27c7670983.JPG

Керамика солтүстік Қазақстанға тән

f30ba57fff4b105010681ba1978f9996.JPG

Ақмола Есіл маңындағы қазбаларда табылған керамиканың үлгілері

Ал бұл, әрқашан жел соғып тұратын Үстіртте табылған қола дәуірінің басқа «жыртқыш» керамикасы. Ол жерде өмір үшін әрқашан қиын жағдайлар болды. Үздіксіз дауылды жел және шөлді жерлерден аман қалу үшін адамдар үлкен күш жұмсаған.

27525a578f6ec779463350a2adde6586.JPG

92eb28b61c8570bd9559e9ae5153a848.JPG

Бұл құмыралар атақты патша алқаптарынан әкелінген. Археологтар Шығыс-Қазақстан облысының берель қорғандарының біреуінен керамиканы тапқан. Қорым қайықты еске түсіреді. Үстінен сауыт ретінде жабылып, сатылас тастармен төселген. Бірақ уақыт ежелгі ескерткіштерге аяусыз болды. Біртіндеп тізбек-тастар «тарап кетті» де, жасырынғандарды жалаңаштады.

a4caf60c3cfb846ede232bb3554008d3.JPG

Берель қорғанынан табылған керамикалық құмыралар

5ee0baac0f3806105f01ad8ca9296662.JPG

Тау қойының берель бейнесі, оның мүсіндері алтын қақтамамен жабылған

149925dcdfe2ec023598cd0dd91d1272.JPG

Бірнеше жазықта ашылған маралдардың мүсіндері. Қорған Берель

b34511db16bed2b1dfec87dd4d5cd6d8.JPG

Берель қорғанынан табылған сүйек ұштықтары

67fd1e7058d5a6099a64eb612543b6af.JPG

Көшпенділер сурет өнерінің бірігей үлгілері. Маралдардың, Берель қорғанының бейнесі

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?