Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Мәдени серуен: Сәкен Сейфуллин музейі

3650
Мәдени серуен: Сәкен Сейфуллин музейі - e-history.kz
Сәкен Сейфуллинге арналған Қазақстандағы ең үлкен мұражай, ол Астана қаласында орналасқан және оның орналасу орны кездейсоқ емес.

М.Әуезов көшесі бойынан өткенде, бір-біріне ұқсас екі бөрене үйге назар аудармау мүмкін емес.  Осы егіз үйлердің біреуінде Сәкен Сейфуллин мұражайы, ал екіншісінде – мұражай әкімшілігі орналасқан. 

Қазіргі үйде орналасқан мұражайда Сәкен Сейфуллин өмір сүрді деп ойласаңыз, бұл олай емес екендігіжайлы айтқым келеді.  Атақты революционер және қазақ әдебиеті негізін қалаушылардың бірі сол жерде тек жұмыс істеген. Бұл ғимарат 20-30-шы жылдардағы Ақмоланың жанданған көшелерінің бірі – Октябрь көшесінде тұрған, қазір бұл көшеге Мұхтар Әуезов есімі берілген.

f30d9ea1ee37a93bfeb434f647beb369.JPG

Жазушының әйелі мен туыстары барлық жеке заттарын жинап, мұражайға тапсырған. 

cf42e6c8cf37e658841795f1e10c2a3f.JPG

b4d77e78a4d55dcc2bfec84be991e393.JPG

С.Сейфуллиннің костюмі. Ол киім үлгісінде қатаң еуропалық стильді ұстанды. 

Жазушы А.Иманов көшесінде тұрған. Қазір сол жердің орнында биік тұрғын үйлер және мейрамхана орналасқан, кейбір кездері бұл мейрамхана «Золотая нива»  деп аталған және Целиноград тұрғындары арасында өте танымал болған. 

bbb4d7d1e6f6079080de3897d7c12ba9.JPG

С. Сейфуллин өмір сүрген үйдің үлгісі. ХХ ғасырдың 70-шы жж. бұзылды.

«ҚАСКР Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы болып, «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы жұмысында, Сәкен Сейфуллин «Қазақты қазақ дейік, қатені түзетейік» деген мақаласын жазды, - деді, экскурсия бөлімінің бастығы Айнұр Омарова. Ақын осы мақаланың шығуын, күнделікті тұрмыстан «қырғыз» атауы біртіндеп жойыла бастағанын көздеген.  Осы мақаладан кейін ресми құжаттар мен мерзімді баспасөздерде Қазақстан халқын «қазақтар» деп атай бастады.

d59ae5138b174a346bdf3217bd9a4b60.JPG

Жазушы жұмыс істеген жазу машинкасы.

1917 жылы Ақмолада Сейфуллин қала және ауыл жастарын біріктіру үшін «Жас қазақ» ұйымын ашады, 1918 жылы Кеңес депутаттарының мүшесі болады.  Сол жылы басқа кеңес депутаттарымен бірге Сәкен 6 ай бойы Ақмола және Петропавл түрмелерінде, 48 тәулік бойы Анненковтың «өлім вагондарында» отырады, сол жерде оның көптеген достары аштықтан қаза табады. 1919 жылы ол Омбы концлагеріне түседі. Сол жерден ол жалған құжаттарының көмегімен қашады, шөлден өтіп, ол Әулие-ата (Тараз) қаласына келеді. 1920 жылы Ақмолада Кеңес өкіметін толық орнатқаннан кейін, Сәкен Сейфуллин құжаттарды қайтадан алады және өз есімін қайтарады.

f0e1e86227d3614e30c29d7215933532.JPG

Ақмола қ. депуттар Кеңесінің мүшелері.

С.Сейфуллин «Тар жол тайғақ кешу» кітабында қамауды бастан кешіргенін сипаттайды. Төлнұсқасы араб тілінде мұражайда сақталуда. 

Жазушының өмірінен алынған деректер:

Сейфуллиннің шын есімі – Сәдуақас, Сәкен – үйдегі жалған аты.

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында дүниеге келген.

Өмірінің көп бөлігін Ақмолада өткізген.

Ол Ақмолада алғашқы болып, «Тіршілік» газетін ашқан.

Ақан Сері, Ы. Алтынсарин, Ш. Құдайбердіұлының шығармаларын алғашқы болып, редакциялаған.

1938 жылы 25 сәуірде 16 сағат 40 минутта ІІХК түрмелерінің бірінде халық жауы ретінде атылды.

Сәкен Сейфуллинің екі баласы болғаны туралы білетін адам аз: қызы Лаура және ұлы Аян. Өкінішке орай атақты ақын, жазушы және Кеңес өкіметі үшін күрескен тұлғаның ұрпақтары қалған жоқ.  Қызы екі жасында ауруға шалдығып, қаза тапқан. 1937 жылы Алматы қаласында Сәкен Сейфуллинді халық жауы ретінде тұтқынға алған. Жазушыны тұтқынған алғаннан кейін, бір ай өткен соң, оның жұбайы Гүлбархам Ақмолаға қайтуға мәжбүр болды. Кейінгі мәліметтер бойынша ол сапарға шығар алдында тұтқынға алынған жұбайына соңғы кездесуіне келеді де, қарауылшы жасақтардың бақылауымен жолға шығады. 

32b432756aa65ed3d103354442e12a2f.JPG

Жұбайы Гулбархан және ұлы Аян.

Алматыдан Ақмолаға әкелетін жолында ұлы қайтыс болғанын ақын білген жоқ. Сәкен Сейфуллиннің ұлы Көкшетауда жерленген, ақынның мазары бүгінгі күнге дейін белгісіз.

«Халық жауы» Сәкен Сейфулиннің әкесі мен үлкен ағасы да дәл осындай тағдырға шалдықты: 1937 жылы олар тұтқынға алынып, атып тасталды. Гүлбархам 10 жыл бойы жұбайы және жақын адамдардың өлімі туралы білген жоқ.

Сол уақыттың бүкіл трагизмі мен оғаштығы бір кішкентай мұражай экспонаты – алтын сағатқа сыяды.

Тұтқындалғанға дейін Сәкенді көрнекті қоғам қайраткері ретінде, А.С.Пушкиннің туғанына 100 жыл толуына орай Мәскеуге шақырады. Сол кезде есімі қашалып жазылған сағатты оған сыйға тартады. Алайда ақын бұл сыйлықты ұзақ таға алған жоқ. 

415479e83a2b542bfe7803f879c154b8.JPG

Мұражайға қойылған жеке заттар мен  кітаптар ақын Сәкен жайлы және өткен жүз жылдықтың 20-30 жылдарындағы Ақмола өмірі жайлы мол мәлімет береді.

Мұражайдағы жәдігерлер арасынан ақын музасы Нина Мокинаның суреті, анасының сурет (ол анасына өте ұқсаған), қолжазбалары, сүйікті кітаптарын кездестіруге болады.

6b45efb6fc491b213aa5bde3870aca6b.JPG

Жеке кітапханасы, сиясауыт, ақын қолжазбасы.

С. Сейфуллин мұражайының мекен-жайы:

Астана қ, М. Әуезов, 20,жұмыс уақыты: дүйсенбі күннен бөлек, барлық күндері сағ. 10.00-18.00 дейін.

С. Сейфуллин мұражайының толық фотосуреттері мұнда.

Людмила Выходченко 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?