Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Мәңгілік ел идеясы - қазақ елінің кемел болашағы

3109
Мәңгілік ел идеясы - қазақ елінің кемел болашағы - e-history.kz
Қазақстан Республикасының Президенті – Н.Ә.Назарбаев 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан халқына арналған «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын жария етті.

Елбасымыздың жыл сайынғы Жолдауының қай-қайсысын алсақ та олар уақыт талабымен үндесіп жатыр. Бұл Жолдаудағы «Мәңгілік ел» идеясы қазақ елінің кемел болашағын айқындап, Қазақстанды дамыған әлемнің озық елдерінің қатарына қосу. Осы тұрғыда мемлекет басшысы он креативтік идея барысында жеті басым бағытта кешенді міндеттерді жүзеге асыру қажеттігін атап өтті. Қазақстан жолының жаңа кезеңі – ұлттық бірлік пен бейбітшілік,  экономиканы нығайту, халықты әлеуметтік қорғау, еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, мәдениет, тіл мәселесі бұл мәңгілік ел болудың жаңа міндеттері екені айқын көрінеді.Мәңгілік ел болу үшін осы қарастырылған мәселелердің барлығы - өзекжарды міндеттер болып табылады.

Елбасымыз жыл сайынғы Жолдауларында, өзінің әрбір сөзінде әлеуметтік салаға баса назар аудару керектігін айтып келеді. Бұл жолы да  аталмыш салаға басымдық беріліп отыр. Осы тұрғыда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көңіл бөліп, оларды жұмысқа орналастыру бастамасы басты бағыттардың бірі.  Бұл туралы Елбасы Үкімет алдына міндет жүктеді. Біздің қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандар тек жәрдемақымен ғана отыруы тиіс сияқты үрдіс қалыптасып қалған. Сондықтан олар өздерін қоғамда қажет емес ретінде сезінуі де мүмкін. Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға ешбір жұмыс орындарында жұмыс беруге талпына қоймайды. Бүгінде осы мәселе шешімін тапқандай. Себебі олардың да қолдарынан келетін істер бар. Қоғамдық қорларда әлеуметтік жұмыстармен, сауда орталықтарында кассир, есепші, әуежай тағы да басқа анықтама орталықтарында диспетчер, тігінші, мәдениет салаларында өз мүмкіндіктеріне қарай түрлі жұмыстармен қамтамасыз етілсе, олар жауапты түрде атқаруы мүмкін. Ол жандар өзіне берілген осындай мүмкіншілікті сезініп, өзінің қолынан осындай іс келетініне машақаттанып, бар ынта-жігерлерімен жұмыс атқарады деп ойлаймын. Мысалы, Германияда мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс тауып бермеген жағдайда, жұмыс берушілер айыппұл төлейді екен.  Халқымызда аталы сөз бар емеспе?! «Күшіңе сенбе, ісіңе сен» демекші, бұл жандар қоғамның ажырамас бөлшегі екенін ісімен көрсете алады. Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы тағайындалатын әлеуметтік жәрдемақы көлемі де төмендеу болғандықтан жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі орынды іс. Жыл сайын әлеуметтік жәрдемақыны 9-10 пайызға көбейту, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап 25 пайызға ұлғайту да оларға берілген мемлекет тарапынынан үлкен көмек, қолдау көрсету болып табылады. Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың көрегенді саясаты барысында елімізде осындай мәселелер өз шешімін тауып келе жатқаны көз қуантарлық жағдай. 

Байжұманова Зәмзагүл Бекежанқызы, Тарих және этнология институты, Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің кіші ғылыми қызметкері.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?