«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев
Бұл күн тарих бетінде

Тарихи терминологиялық сөздік құрастыру мәселесіне байланысты Ш.Уәлиханов ат. тарих және этнология институтында жиылыс өтті

3023
Тарихи терминологиялық сөздік құрастыру  мәселесіне байланысты Ш.Уәлиханов ат. тарих және этнология институтында жиылыс өтті

13 наурызда тарихи терминологиялық сөздік құрастыру  мәселесіне байланысты институт директоры Х.М. Әбжанов, институт қызметкерлері С.О. Смағұлова, С.Ә. Асанова, Г.Ү. Орынбаева, А.Ә. Жүнісбаев, Р. Көбеев, Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті, 30 томдық қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік құрастыру орталығының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Қ. Құсайынов және осы орталықтың ғылыми қызметкері Г. Құланшиева қатысқан жиылыс өтті. Жиылыс барысында жаңадан жасалып жатқан тарихи терминологиялық сөздікке археологиялық, этнографиялық, тарихи жаңа терминдерді енгізу мәселесі  қаралып, сөздік жасаудың күнтізбелік жоспары жасалды.