Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Атыраудан табылған археологиялық жәдігерлер

1845
Атыраудан табылған археологиялық жәдігерлер - e-history.kz
Атырау облысында адам сүйектері аяқ астында шашылып жатыр. Жер бетіне шығып қалған қаңқаларды Теңіз кен орнының жұмысшылары таспаға түсіріп алған. Бұл ақпарат жайында КТК телеарнасы мәлімет таратты.

Кен орны аймағындағы бұл жер «құм төбелі қабір» деп аталады. Мына бас сүйектер осы маңда 2-3 000 мың жыл бұрын өмір сүрген адамдардың қаңқасы екен. Ұзындығы 150, биіктігі 6 метрден асатын құм төбелерді кезінде әлдекімдер карьер мақсатында пайдаланып, кейін сүйек шыққан соң, қазу жұмыстары тоқтатылған. 2009 жылы қоршауға алыныпты. Бірақ, оларды жинастырып, қайта көмуге қосымша қаржы бөлінбей, адамның сүйектері сол күй шашылып жатыр.

Мұхамбетқали Кипиев, Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының басшысы:

-Бұл жаңағы сүйек ертедегі адамдардың осы қоныстанған қабірінен шығып қалған, жел үрлегенде ашылып қалған, бұл табылған жер бізде ескерткіш ретінде есепте тұр. Қазба жұмысы жасалу керек. Бірақ, бұл қазба жұмысы бірқатар қаржылай шығындарды талап етеді.

http://www.ktk.kz/kz/news/video/2014/03/04/19156 
Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?