Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақ хандығы құрылғаннан бері «Қазақ елі» еліміздің алтыншы атауы болуы мүмкін

2186
Қазақ хандығының қалыптасқан уақытынан бастап Қазақстан Республикасы біздің еліміздің бесінші атауы болып саналады.

Мемлекетімізді «Қазақ елі» деп атауын өзгерту туралы идеяны талқылау шегінде, Zakon.kz біздің еліміз не себептен атауын өзгертті және де тарих отандық қалалар атауына қалай әсер етті жөнінде қысқаша талдау жасады.

Қазақ хандығының қалыптасқан уақытынан бастап Қазақстан Республикасы біздің еліміздің бесінші атауы болып саналады. Бұрын Қазақстан аумағы Қазақ хандығы, Қырғыз АССР, Қазақ АССР, Қазақ ССР деп аталған, ал тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы деп аталды. Мемлекет басшысы ұсынған «Қазақ елі» атауы біздің еліміздің алтыншы атауы бола алады.

Елдің атауын өзгерту әрқашанда саяси және экономикалық өмірдің кенет өзгеруімен байланысты болған. Биліктің ауысуы, аумақтық бөлу, тәуелсіздікті алу. Осы оқиғалар қалалардың атауына да ықпал еткен. Орташа алғанда қалалардың атауын өзгерту тарихын үш кезеңге бөлуге болады: Ресей Империясы құрамындағы, КСРО құрамындағы және тәуелсіздік алғаннан кейінгі атауы.

Солай, біздің астанамыз Акмолинск, Целиноград және Ақмола болған. Ал Алматы Верный және Алма-Ата деп аталған. Ақтау қаласы кеңес үкіметі кезінде украиндық ақынның атына арнап, Шевченко деп, ал Қызылорда әр түрлі уақытта Ақ-Мешіт форты, Перовский форты, Перовск және Қызыл-Орда деп аталған. Алайда, атауды өзгертудегі ең ұзақ тізім Тараз қаласына  тиесілі шығар. Ресей Империясы құрамында ежелгі қала Тараз Әулие-Ата деп аталған, КСРО кезінде ол Мирзоян, Джамбул, ал тәуелсіздікті алған соң, Жамбыл деп аталып, кейін қайта Таразға ауыстырылған.

Елді мекендердің көбі урбанизация нәтижесінде атауын өзгерткен. Солай, Самарқанд ауылы 45 жылы Теміртау деп атанды. Бұл кеңес үкіметі кезінде болған жайт, ал тәуелсіздікке қолымыз жеткен соң, Қазақстанда жыл сайын бірнеше ірі қалалардың атауы өзгертіп отырды деп айтуға болады. Ұсақ елді мекендердің атауы одан да жиі өзгеріп отырған. Бұл үрдіс қадағалауға да келмейді. Кенттер, ауылдар көбінесе коммунисттік атауларын қазақ батырларының, ғалымдары мен жазушыларының есімдерімен өзгерілді. Қазақстан картасында Әйтеке Би кенті, Қасым Қасенов, Өтеген Батыр және  Жансүгіров кенттері пайда болды. 

Осыған тән оқиға жақын арада Тәжікстанда орын алған. Екі жыл бұрын ел басшылығы елді мекендердегі өзбек және үндеспейтін атаулардан құтылуды ұйғарды. Шенеуніктердің ойынша, үндеспейтін атаулар деген мына ауылдардың атауы: Замин Кадиф (аударғанда – Жер жайылды), Харкушта (Есек өлді), Мурияк (Бір күні өлгендер). Кейбір атаулар тіпті  күлкілі болған, мысалға – Гарибак қыстағы (Кедейлік), ал атауын Озодагоп (Ақсүйектер) өзгерткен соң, жылтырға тән болған сияқты.  

Сонымен қатар, қалалардың атауын ғана өзгертіп қоймай, қазақстандық ономастикалық серпіліс көшелерге де жетті. Әсіресе бұны Оңтүстік астанада көруге болады.

Мысалға, КСРО кезінде Лагерная көшесі Шевченко атанды, Командирская көшесі Киров көшесіне ауыстырылып, кейін Бөгенбай батыр деп атанды, Губернаторская көшесі билік өзгергенде Кеңес көшесіне айналды, ал тәуелсіздік алған соң, Қазыбек би атанды, Генерал Колпаковский даңғылы  Ленин даңғылына өзгерді, ал кейін Достық даңғылы деп аталды. Алайда, барлығынан да жиі өзгеріске Абылай хан даңғылы ұшырады. Революцияға дейін ол Старокладбищенская деп аталды, кейін Вокзальная, Сталин көшесі, Коммунистический даңғылы, ал қазір Орта жүздің ханының есімімен аталады.

Атау өзгертудің қызулы үдерісін сәл де болсын шектеу мақсатында, үкімет бастапқыда ономастикалық мораторийді енгізді, ал бір жыл бұрын Ономастика туралы Заңды қабылдады, онда елді мекендер мен көшелердің атауын өзгерту қағидасы белгіленген.

Атауды өзгертудің тарихы елдегі өзгерістермен тығыз байланысты, сірә. Солай, Еуропада, Африка мен Азияда мемлекеттер өз атауларын соғыс, басқыншылық, аумақтық бөліну және революция нәтижесінде өзгерткен. 

Бір кездегі Бессарабия Молдова деп, Родезия Зимбабве деп аталды, Богемия мен Маравия Чехией болды, ал Француз Экваторлық Африка Орталық Африка республикасына айналды. Дегенмен, көршілес Ресейдің атау өзгерту тарихы бұдан да бай.  1136 жылдан бастап Ресей елі 10 атауын өзгертуді басынан кешірді. Новгородская республикасы, Владимир князьдігі,  Литовск және Орыс князьдігі, Мәскеу князьдігі, Орыс патшалығы, Ресей империясы, Ресей республикасы, Кеңес Ресейі, КСРО және Ресей федерациясы. 

2014 жылғы 24 ақпанда үкімет әкімшілік-аумақтық бірліктерді, елді мекендердің құрамдас бөліктерін атаған, атауын өзгерткен, сондай-ақ олардың атауларында транскрипцияны нақтылаған немесе өзгерткен кезде, тиісті аумақ тұрғындарының пікірін есепке алу қағидасын бекітті.  

Енді көше, парк немесе қаланың атауын өзгерткен кезде, билік азаматтардың ой-пікіріне көңіл қоятын болады. Шенеуніктер атауын өзгерту туралы ұсыныс енгізген соң, мәслихаттарда қоғамдық тыңдаулар өткізіледі. Олар бойынша хаттамалар жасалып, БАҚ жарияланады. Алайда еліміздің атауын өзгерткен кезде тыңдаулар өткізіле ме, жоқ па, ол туралы болжам жасауға тура келеді.   

Дереккөз: zakon.kz
Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?