Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Таразда «Кентавры Турана» атты спектаклінің тұсаукесері өтті

1606
Символдық драманың негізінде сақтардың көшбасшысы Томирис пен парсылардың патшасы Кир арасындағы қарсыластықтың тарихи фактісі жатыр.

Жамбыл облыстық орыс драма театрында қазақстандық оператор және сценарист Игорь Вовнянконың бір аттас пьесасы бойынша «Кентавры Турана» атты спектаклінің тұсаукесері табыспен өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы символдық драманың негізінде сақтардың көшбасшысы Томирис пен парсылардың патшасы Кир арасындағы қарсыластықтың тарихи фактісі жатыр. «Кентавры Турана» спектаклі көптеген халықтарды жаулап алып, жеңімпаз атанған Кир патшасының Ұлы Даламен қақтығысқанға дейін  тәкәппар патшайым Томиристің басшылық етуімен сақтардың жауынгерлік тайпасынан жеңіліске ұшырайтыны туралы әңгімелейді», - деп баяндады орыс драма театрының директоры Виктория Дадаева.

Спектакльдің қоюшы-режиссері, Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов пьесаның көрінісін құрған кезде күш бойынша басым болған жаумен күресудің, тұтас халықтың болашағы тәуелді болған күрестің  қызған психологизмін жеткізе алды.

Спектакльдің қоюшы-суретшісі Владимир Сизинцев ежелгі заманның тарихи мифтерінің атмосферасын шеберлікпен жеткізе алды. Спектакльде рөл сомдаған Данияр Кенжебеков, Бекназар Ізбасаров, Сәбит Төлеқанұлы, Виктор Сукопов сияқты актерлер сол кездегі қатал да қызу азапқа ұшыраған тарихи персонаждарды сомдап қана қоймай, сол талпыныстарға ұшыраған бізді көрсетеді. Бір ғасыр екінші ғасырға ауысады, декорация мен костюмдер де өзгереді, алайда адамның мәнісі сол қалыпта, жақсылық пен жамандық шегінде қалады, - деп «Кентавры Турана» спектаклінен алған әсерін көрермендер ортаға салды.  

Игорь Вовнянко 1942 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1968 жылы БКМИ оператор факультетін тәмамдады. Қазақстан Республикасы өнерінің еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Кинематографистер одағының төрағасы. 


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?