Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ш.Айманов фильмдері жаңғыртылып, сандық тасымалдағышта жарық көреді

1500
Қазақтың көрнекті режиссері, қазақ кәсіби кино өнерінің негізін қалаушы, актер, КСРО Халық әртісі Шәкен Аймановтың туғанына - 100 жыл.

«Қазақфильм» киностудиясы ағымдағы жылы Шәкен Аймановтың 100 жылдық мерейтойы аясында кинорежиссердің фильмдерін жаңғыртып, сандық тасымалдағышта жарыққа шығармақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат киностудияның ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекті кинорежиссердің мерейтойына арналған салтанатты іс-шаралар бағдарламасында кітаптар, эсселер мен монографиялар, Ш.Аймановтың сөйлеген сөздері жазылған дискі бар фотоальбом шығару, оның өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильм түсіру және түсірген фильмдерін жаңғыртып, сандық тасымалдағышта жарыққа шығару көзделген.

Сонымен қатар қыркүйек айында даңқты режиссердің 100 жылдық мерейтойы аясында өтетін «Еуразия» Х халықаралық кинофестивалі барысында түсірген фильмдерін көрсетіп, «Қазақфильм» киностудиясында Ш.Айманов атындағы Қазақ киносы мұражайын ашу жоспаранып отыр.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?