Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Алматыда «Ауғанстан жан жарасы: 25 жыл өткен соң» атты көрме ашылды

1357
Көрме 15 ақпанда атап өтілетін, Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 25 жыл толуына арналған. Сонымен қатар, көрме балалардың патриоттық тәрбиесіне бейімделген.

Экспозиция негізінде – деректі құжаттар, солдат және офицерлердің марапаттаулары мен жеке заттары бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Деректі материалдардың арасында  - сирек кездесетін фотосуреттер, хаттар, оқиға қатысушылары мен көз көргендердің айғақтары. Кеңес солдаттары мен офицерлерінің әскери жабдықтары, ауған «дұшмандарының» киімі және де солдаттың қаһарлы тұрмысын көрсететін шатырлары қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырады.   

Ұйымдастырушылардың айтуынша көрме мақсаты - ауған соғысы жайлы шынайы көзқарасты қалыптастыру, жастардың жаңа ұрпағына Ауғанстанда соғысқан сарбаздар мен офицерлердің үлгісінде патриоттық тәрбие беру, соғыс саяси проблемаларды шешудің тәсілі емес екенін қоғамға көрсету болмақ.

Көрме 2014 жылдың 1 сәуіріне дейін жалғасады.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?