Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Теміртауда ауған жеріндегі соғыстың аяқталғанына 25 жыл толуына арналған кітап шығарылады

1835
Кітаптың негізіне соғысқа қатысушылардың естеліктері алынған. Онда ауғандықтар бөтен елде қалай соғысып, өмір сүргендері жайында сыр шертеді.

Теміртауда ауған жеріндегі соғыстың аяқталғанына 25 жыл толуына арналған кітап шығарылады, деп хабарлайды BNews.kz Теміртау қаласының ішкі саясат бөліміне сілтеме жасап. 

Кітаптың таралымы 500 дананы құрайды, жинақ 15 ақпанда жарыққа шығады. Жаңа кітапта металлургтер қаласында тұрған және әлі де тұратын ауған ардагерлері туралы жазылады. 

Жинақты жарыққа шығару жұмыстарымен қаланың ішкі саясат бөлімі және ауған ардагерлері одағы айналысып жатыр.  

Теміртауда басылып шығарылатын кітап ардагер-интернационалистерге салтанатты түрде табыс етіледі. Бұған қоса, кітапты қалалық кітапханалар мен мектептерге де таратады. Қалалық әскери комиссариаттың мәліметінше, Теміртау қаласынан барлығы 336 адам интернационалдық борышын өтеуге шақырылған. Оның ішінде 9-ы әскери ұрыстар кезінде көз жұмды. Бүгінде Теміртау қаласында және Ақтау кентінде 216 ардагер-интернационалист тұрады.

Естеріңізге салып өтсек, ауған соғысы 1979 жылдың 25 желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпанына дейін жалғасты. 1989 жылдың 15 ақпанында Ауғанстан жерінен кеңес әскерлері толықтай шығарылды. Нақтыланған мәліметтер бойынша, Кеңес Әскері бұл соғыста 14 мың 427 адамынан айырылды. Соғыста қаза тапқандардың нақты саны белгісіз.  

  
Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?