Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Алматыда Тамғалы ескерткішіне арналған көрме ашылды

967
Жылжымалы көрменің мақсаты - «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейін Алматы облысының тұрғындарына кеңінен таныстыру.

25 қаңтар күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Таңбалы» қорық-музейінің археологиялық ландшафты петроглифтері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгеніне 10 жыл толуына байланысты «Егемен елге танылған Таңбалы» атты көрме өткізілді, деп хабарлайды BNews.kz университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Көрмеге тарихы тереңде жатқан жартас суреттерінің және де ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізген кезде табылған қыш ыдыстарының түп нұсқасы қойылып, көпшілік назарына ұсынылды».

Көрменің салтанатты ашылуының лентасын «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі директорының орынбасары Алмас Мәдиұлы Сарбасов пен ҚазМемҚызПУ оқу ісі жөніндегі проректоры Әділет Жүнісұлы Тойбаев кесті. 

«Қазақ даласы тарихи құнды жәдігерлерге толы. Қазақ жерінде талай археологиялық қазбалар табылып зерттелсе, талайы әлі де өз кезегін күтіп жатыр. «Таңбалы» тарихы кешені ЮНЕСКО-ның деңгейнде бағаланып жатқан құнды тарихи байлығымыз. Сондықтан құрметті отандастар, сіздерді өз еліміздің мәдени мұрасын бағалауға шақырамын»,- деді Әділет Жүнісұлы.

Көрмеге «Таңбалы» кешеніндегі қабірлерге археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген кезде табылған қыш ыдыстарының түп нұсқасы қойылды. Жалпы алғанда жүзге тарта әр түрлі дәуірге жататын жартас суреттері мен тарихи ескерткіштер, б.з.д. ХIII-ХIV ғасырдың ортасынан бастап ХІХ–ХХ ғасырлар аралықтағы қоныстар, қорымдар, ежелгі тас қашау орындары, жартас суреттері мен ғұрыптық құрылыстар (құрбан шалатын жерлер) бейнеленген сирек кездесетін жартас суреттерінің түп нұсқасы мен көшірмелері көпшілік назарына ұсынылды. 


017abec67c7741109900191d3006e28a.jpg

21730a4c27466b0588614f169d774155.jpg

55fac14b32c92690395bbdf96f759cf2.jpg

e3a43b5200be7797f7e9d7ccdd51127a.jpg


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?