Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Оралда ауған соғысына қатысқан жауынгерлерге арналған ескерткіш орнатылмақ

1227
Оралдағы Жеңіс алаңында ауған соғысына қатысқан жауынгерлерге арналған ескерткіш орнату көзделіп отыр.

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкеннің мемлекеттік орган және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесуінде айтылды. 15 ақпанда Оралда әскерлердің Ауғанстаннан шығарылуының 25 жылдығы аталып өтіледі, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі БҚО әкімдігі басшылығына сілтеме жасап. 

Кездесу Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығарылу мерейтойына орай, салтанатты іс шараларды ұйымдастыруға арналды. Ауғанстан соғысына 1100 батысқазақстандық қатысты. Қазір олардың 800-і ғана аман. Барлық жауынгерлер мәңгі есімізде қалады.

«Ауған жауынгерлеріне арналған ескерткіш орнатылады. Қазір ескерткіш үшін жер бөлу туралы облыстық және қалалық маслихаттың шешімі бар», - деп хабарлады БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Айгүл Есекенова. 

Ауған жауынгерлеріне арналған ескерткіш тақта Жеңіс алаңына орнатылады. Мүсіннің авторы - Ибрагим Найденов.

«Ескерткіштің биіктігі шамамен үш метр. Барельефте қаза тапқан батыс қазақстандықтардың портреттері мен есімдері ойып жазылады», - деп атап өтті облыстық Ауған соғысының  мүгедектері мен ардагерлері қоғамының төрағасы Тахир Косчанов.

27 батысқазақстандық Ауған жерінде қаза болды. Кесдесуде әскерлердің Ауғанстаннан шығарылуының 25 жылдығына интернационалист жауынгерлер мен жесірлері 10 мың теңгеден алады, деп хабарланды.

«Біздің басты тапсырмамыз – барлық білім беру мекемелерінде, әскери бөлімдерде, колледж бен жоғарғы оқу орындарында ауқымды іс шаралар өткізу», - деп хабарлады БҚО әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен.

Кездесуде интернационалист жауынгерлер әлеуметтік мәселелерін ары қарай шешуге уәде берді.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?