Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Өлке тарихын зерделейтін мұражай ашылды

1303
Жергілікті тарихшылар мен зиялы қауым өкілдері мұражайдың өлке тарихын зерттеуге тигізер септігі де мол болатындығына сенімді.

Жақында Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз қаласында тарихи-өлкетану мұражайы ашылды, деп хабарлайды 24.kz.

Мұндай мәдени ошақ қалада бұрын болмаған еді. Ғимарат 4 экспозициялық бөлмеден тұрады. Мұражай құрылысына облыс қазынасынан 79 миллионнан астам теңгеқаржы бөлінген. Мұнда 300-ден астам құнды жәдігер бар. Шежіресі мол өлке тарихы жаңа мұражайда көрініс тапқан. Жергілікті тарихшылар мен зиялы қауым өкілдері мұражайдың өлке тарихын зерттеуге тигізер септігі де мол болатындығына сенімді. 

Несіпбек Айтов, ақын:

 - Қолда бар дүниені жинап, осы жерге топтастыру, оны халықтың, ұрпақтың көз алдына әкеп қойып, одан тәлім алдыру – елдіктің белгісі, тәуелсіздік жемісі.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?