Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Тарихты зерделеген қария

1566
Жамбыл облысындағы Тұрар Рысқұлов ауданында саналы ғұмырын соғысқа қатысқан жерлестерінің тарихын зерттеп-зерделеуге арнаған қазына-қария тұрады.

Ауылдастары Бекқұлы Әліұлын ардақ тұтып, оны «тарихшы ата» деп атайды. Брест қамалын қорғауға қатысқан сарбаздар сапына жамбылдық жауынгердің көбі ресми тізімге ілінбей қалған, деп хабарлайды 24.kz. 

Жетпісті алқымдаған жасына қарамай Бекқұлы атаның қимылы ширақ. Бойындағы тәртіп пен ұқыптылық қосылып, тарихқа деген қызығушылыққа жеткізген. Мектепте мұғалім кезінен Брест қамалын қорғаған жерлестерін іздеген.

 Бекқұлы Әліұлы, зейнеткер:

 - Аталарымыздың соғыстағы ерлігін, қайтпас қайсарлығын, олардың көрген азабын деректеп іздеп, 1985 жылы слетке «Аталар даңқы жолымен» бағдарламасы бойынша бірінші орын алып, Владивостокте марапат көрген болатынбыз. 

Бүгінде Жамбыл облысынан Брест қамалын қорғауға 3 жауынгер ғана қатысты деген ресми мәлімет бар. Бекқұлы ата тағы да 83 жауынгердің қамал ішінде соғысқаны туралы деректерді тапқан. Оны қамал қорғаушылары қатарына қосу үшін Брестегі мұражайға жіберген. Жақында ол жақтағы ғылыми кеңес шешімін айтады. Ал тапқан суреті қамал алынған кездегі неміс фотографы түсірген алғашқы суреттердің бірі екен. 

Бекқұлы Әліұлы, зейнеткер:

 - Бұл азаматтардың өкінішке, қайғыға, мұңға толы кейпін байқаймыз. Кімнің тұтқынға түскісі келеді. Отанынан, елінен жырақта, жау қолына түскен кеңестің әрбір жауынгерін азапты тағдыр күтеді. 

Бекқұлы Әліұлы Ұлы отан соғысы кезіндегі ірі шайқастарға қатысқан жерлестерінің тарихын тірнектеп жинаған. Қолда бар ресми мәліметтен бөлек, ауылдарды аралап, ардагерлермен әңгімелескен. Ресейдегі мұрағаттың көбінде апталап отырып, талай тың деректі тауып келген.

 Бекқұлы Әліұлы, зейнеткер:

 - 2 мыңнан аса жамбылдықтың Ленинград майданында қаза болғаны туралы деректі жинақтадым. Мұрағаттан 500-ден астам жауынгердің қара қағазын таптым. Тіпті, бейбіт өмірдің қызығын көрген азаматтардың атына сол кездері қаза болды деген қағаздың келгені туралы мәліметтер де бар екен.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?