Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ұлттық өнерді ұлық еткен шебер

1813
Солтүстік Қазақстанда қазақтың ұлттық аспаптарын көне әдіспен жасайтын танымал шебер тұрады.

Ғабит Мүсірепов ауданының тұрғыны Көшербай Қасымов домбыра мен қобыздың түп нұсқасын айнытпай жасайды. Оның қолынан шыққан басқа да бұйымдар түрлі көрмелерде жоғары бағаланып, халық арасында үлкен сұранысқа ие, деп хабарлайды 24.kz. 

Көшербай Қасымов ағаш оюды кішкентай кезінен жанына серік еткен. Оның қолына тиген қарағай, қайың, терек ағаштары бұйымға айналып шыға келеді. Шебер сүйектен де түйін түйеді. 

Көшербай Қасымов, шебер:

 - Ғабит Мүсіреповтің: «Әдебиеті мен өнері ұлы болмаған халықтың ұлы болуы мүмкін емес», – деген сөзі бар. Сондықтан қазақтың бұрыннан келе жатқан өнерін келе жатқан жеткіншек балаларға дәріптеп, оны әрі қарай жеткізу қажет. 

Көшербей Сырымұлы ағаш ою сыныбын ашып, өнегелі өнерге жастарды баулып жүр. Оқушылары түрлі көрмелерге қатысып, ұстаз атын үстеп етіп келеді. Солардың бірі – Арман Тайжан. 

Арман Тайжан, шебердің шәкірті:

 - Жақында анамның туылған күні болды, сыйлық жасадым. Қуанып қалды. Өз қолыммен істеген затты анама шын жүректен сыйладым. 

Оқушылар жасап шығарған кәдейсыйлар көздің жауын алады. Ұлттық өнерді ұлық еткен ұжым сабақ соңында күй тартып, ән салуды әдетке айналдырған. Ал Көшербай Сырымұлы мемлекеттен несие алып, өз алдына кәсіп ашуды жоспарлап отыр.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?