Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қызылорда облысында «Қоркыт ата» қажылық орталығы» салынды

1961
Қызылорда облысында «Қоркыт ата» қажылық орталығы» салынды - e-history.kz
Өңірлік индустриаландыру картасын жүзеге асыру аясында Қызылорда облысы Қармақшы ауданында «Қоркыт ата» қажылық орталығы» кешені салынды

АСТАНА. 2 қаңтар. ҚазАқпарат - Өңірлік индустриаландыру картасын жүзеге асыру аясында Қызылорда облысы Қармақшы ауданында «Қоркыт ата» қажылық орталығы» кешені салынды, деп хабарлайды облыстық ішкі істер басқармасына сілтеме жасап ortcom.kz.

Кешен еліміздің Индустриаландыру картасы аясында Қызылорда облысында жүзеге асырылып жатқан 4 жобаның бірі болып табылады. Жобаның жалпы құны - 220,0 млн. теңге. «Жол картасы -2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында инженерлік инфрақұрылымға арнап бюджеттен 74,5 млн. теңге бөлінген.

Қоркыт ата бүкіл ғұмырында адам жанының мәңгілігін аңсап, өлімнен қашқан. Ол адамзат жанына жақсылық ұрығын сеуіп, қасиетті қобызымен жылағанды жұбатып, пәни дүниенің жалғандығын паш еткен. Оның қобызы бүгінгі шекті-ыспалы саз аспаптарының атасы боп саналады. Қорқыт Ата келешек ұрпақты дүние-ғаламды сүйе білуге, оны көзінің қарашығындай сақтауға үндеді, табиғатпен біте қайнасып өмір сүріп, оны кейінгі ұрпаққа қаймағы бұзылмаған қалпында жеткізуге шақырды. Түркі тілдес әлемнің туристері кемеңгер данышпанның аруағы алдында бас иіу үшін Қоркыт Ата кешеніне көптеп келуде, деп жазады Zakon.kz.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?