Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Заман таспасы

1677
Заман таспасы - e-history.kz
Zamantaspasy.kz сайттың басқалардан өзгешелігі – Солтүстік Қазақстан облысы тарихының кез келген оқиғасын жалпықазақстандық тарихи көрініспен салыстыруға болуда.

СҚО әкімдігі жанындағы тарихи-өлкетану жұмысын үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының шешімі бойынша СҚМУ-да ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Лаура Каиржанованың басшылығымен «Замантаспасы» интерактивті онлайн-жобасын іске асыру үшін жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына ғалымдар кірді: С.Смагулов, А.Плешаков, Н.Аскеров, А.Шпак және басқалары.

Жиналған тарихи деректерді көрнекі етіп ұсыну үшін «Интегро» қазақстандық компаниясының қызметкерлерімен барлық ақпарат хронологиялық реттелген және жүйеленген zamantaspasy.kz («Заман таспасы») сайты құрылды.

Сайтта ең бірінші толығырақ ұсынылған тарихи кезең –1752-1812 жылдар аралығындағы СҚО. Петропавл бекінісінің құрылу сәтінен бастап барлық тарихи фактілер мен растаушы құжаттар егжей-тегжейлі қарастырылды.

Бұл сайттың басқалардан өзгешелігі – өлкеміздің тарихының кез келген оқиғасын жалпықазақстандық тарихи көрініспен салыстыруға болуда.

«Заман таспасы» бойынша жұмыстар әлі де белсенді түрде жалғастырылуда: келесі тарихи кезеңдер жайлы ақпарат толығымен толтырылуда, сондай-ақ, сайтты әзірлеушілерге кері байланыс, тараулар мен үштілдікті дамыту және т.б. ұсынылуда. Ұлт тарихын, өлкетануды жетілдіру бойынша басқа да жобалар енгізілуде. 2014 жылдың ақпан айында СҚМУ оқытушыларымен облыстық теледидарда СҚО тарихы бойынша бірнеше таңдаулы дәрістер өткізу жоспарда.

Осының бәрі тек жас білім алушыларға ғана емес, сонымен қатар, барлық жұртшылыққа Солтүстік Қазақстан облысының әйгілі оқиғалары, тұлғалары мен фактілері жайлы көбірек білуге мүмкіндік береді.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?