Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Отбасылық тәрбиеге бағытталған әдістемелік құралдар мен ақпараттық фильмдердің тұсаукесер рәсімі өтеді

1294
Ұлттық құндылықтарды, ұлттық тәрбиені, ұлттық рух пен дінді дәріптейтін 11 әдістемелік құрал жарық көрді, 5 ақпараттық фильм түсірілді.

Ұлттық құндылықтарды, ұлттық тәрбиені, ұлттық рух пен дінді дәріптейтін 11 әдістемелік құрал жарық көрді, 5 ақпараттық фильм түсірілді.

2013 жылдың 10 желтоқсанында сағат 15.00-де Астана қаласы Иманов көшесі 50, «Қайнар» бизнес орталығының 5 қабатында (505 кеңсе) орналасқан «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығында отбасылық тәрбиеге бағытталған 11 әдістемелік құралдың әрі 5 ақпараттық фильмнің тұсаукесер рәсімі өтеді. Аталмыш ғылыми еңбектер арқылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясындағы ұлттық дәстүр мен мәдениетті дамытуға байланысты жүктелген міндеттерін жүзеге асыру көзделген. Оның шеңберінде 13-18 жастағы жеткіншектердің бойына отансүйгіштікті, ұлттық рухты, ұлттық құндылықтарға деген құрметті дарытудың тың жолдары, тәсілдері әрі оңтайлы ұсыныстар нұсқалады. ҚР Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі комитетінің тапсырысымен әзірленген әдістемелік құралдар мен фильмдерге ұстаздар қауымы, ата-аналар әрі оқушылар да иек арта алады.

11 әдістемелік құралдың 8-і қазақ тілінде әзірленсе, 3 ғылыми еңбек орыс тілінде жарық көрді:

«Ұлттық болмыс – қазақы қалып»;

«Қазақтың ән-күйі – ұлттық тәрбиенің көзі»;

 «Ата-баба дәстүрі жас ұрпаққа аманат»;

 «Туысы бірдің - уысы бір»;

«Тәрбиелік жарасады қыз балаға»;

«Мемлекеттік рәміздер – патриоттық тәрбиенің бастауы»;

 «Ер қадірін ел білер, зер қадірін зергер білер»;

 «Ұлттық аспап – ұлы мұраң»;

 «Юрта – памятник культуры казахского народа»;

 «Развитие национальных видов спорта и национальных игр»;

 «Не почитающий родителей - не почитает свой народ».

5 фильм қазақ және орыс тілдерінде әзірленді:

«Ұлттық спорт - салауатты өмір бастауы» («Национальные игры: взращивая победителей»). (Ұзақтығы: 40 минут).

«Ер қадірін ер білер, зер қадірін зергер білер» («Ювелирное мастерство - жемчужина прикладного искусства»). (Ұзақтығы: 40 минут).

«Қазақтың киіз үй мәдениеті» («Юрта - памятник культуры казахского народа»). (Ұзақтығы: 30 минут).

«Ұлттық болмыс - қазақы қалып» («Национальное бытие: традиции и ценности»). (Ұзақтығы: 20 минут).

«Мемлекеттік рәміздер - патриоттық тәрбиенің бастауы» («Государственные символы РК»). (Ұзақтығы: 10 минут).

Ғылыми еңбектер жайлы қосымша жан-жақты ақпарат www.nic-zhastar.kz сайтында жарияланады.

«Қайнар» бизнес орталығыLuxor мейрамханасына қарама-қарсы жерде жайғасқан. Сол жағалаудан сапаржайға бет алсаңыз, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы көпірден кейін орналасқан.

Байланыс телефондары:

8 (7172) 27-70-39

+7 705 583 36 05

 +7 778 202 60 70


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?