Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Астанада «Қазақша Жаңа жылдық ертегі» байқау-көрмесі жұмыс істеуде

1473
Байқауға қатысушылар өздерінің жұмыстарында Қазақстанның тарихын, әдет-ғұрыптарын және мәдениетін бейнелеген.

Елордадағы қазіргі заманғы өнер мұражайында «Қазақша Жаңа жылдық ертегі» халықаралық көрме-байқауының вернисажы жұмысын жалғастыруда. Бұл туралы мұражайдың баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл шара «Қолөнер» коммерциялық емес ұйымның ұйымдастыруымен, мұражайдың, ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның, Астана қаласы әкімдігінің, ҚР көркемөнер академиясының, Астана қаласының мәдениет басқармасының және Қазақстандық ақпарат клубының ақпараттық қолдауымен қолға алынып отыр.

Жаңа жылдық суреттердің, ұсақ-түйек қолдан жасалған заттардың «Қазақша Жаңа жылдық ертегі» көркемсуреттік байқауына Қазақстанның барлық аймақтарынан түрлі жастағы талап білдіргендер қатысады. Байқауға 700 астам жұмыстар ұсынылды. Байқаудың ережелері мен шарттары бойынша үш номинация белгіленген: «Сурет», «Қуыршақ» және «Жаңа жылдық шырша ойыншығы».

«Қазақша Жаңа жылдық ертегі» халықаралық көрме-байқауы мұражайда 2013 жылғы 8 желтоқсаннан 2014 жылғы 12 қаңтарға дейін жұмыс істейді.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?