Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Тәуелсіздік күніне орай «Жансүгіров тағылымы» атты конференция

1329
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде 6-7 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай «Жансүгіров тағылымы» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті 2013 жылдың 6-7 желтоқсанында еліміздің Тәуелсіздік күніне орай өткізілетін дәстүрлі «Жансүгіров тағылымы» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады.

Конференция жұмысының бағыттары:

1. Қоғам және саяси-құқықтық көзқарастар

2. Қазіргі заман контексіндегі гуманитарлық ғылымдар жүйесі

3. Техникалық ғылымдар және инновациялық белсенділік

4. Экономика ғылымдарының заманауи тенденциялары

5. Инновациялық білім беру кеңістігіндегі педагогика ұғымы

 Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 040009, Талдықорған қ., Қабанбай батыр көшесі 27, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, 314 Б каб., Ғылым және сыртқы қатынастар бөлімі. Телефон: (8-7282) 40-10-20, факс: (8-7282) 27-01-75, е-maіl: zhgu_nauka@mail.ru       





Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?