Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Алматыда қазақ диаспорасына арналған конференция өтеді

1337
2013 жылы 31 қазанда «Қазақ диаспорасының жасампаз әлеуеті: тарихы және заманауи келбеті» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Философия, саясаттану және дінтану институты, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 2013 жылы 31 қазанда «Қазақ диаспорасының жасампаз әлеуеті: тарихы және заманауи келбеті» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Бұл туралы ДҚҚ-ның сайты хабарлап отыр.  

Конференция мақсаты – бүгінгі қазақ диаспорасы әлеуетінің құрылуы мен қазіргі жағдайын, Қазақстанның қазақ диаспорасымен мәдени байланысы жиналған тәжірибе мен тиімділігі арқылы арттыру. Мұрағаттық құжаттар және құрылымдық саралау арқылы Қазақстан Президентінің көрнекті рөлін, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың халықты шоғырландырудағы қазақ диаспорасымен жан-жақты байланыстарын қалыптастыру мен дамуын көрсету.
Міндеті: Қазақстан Республикасынан тысқары жерде тұратын отандастырымызға мәдени-танымдық және ақпаратты-насихаттық қолдау көрсетуге бағытталған кешенді іс-шараны ұйымдастыру және өткізу.
Конференцияда төмендегідей мәселелерді талқылауды жоспарлайды:
1) қазақ диаспорасының қалыптасу кезеңдері және қазіргі жағдайы;
2) қазақ диаспорасының мәдени мұрасы;
3) жаһандану жағдайында шетел қазақтарының әлемдің құндылығын жаңғырту;
4) ҚР қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы мен шетелдегі қазақтардың кіші құрылтайы;
5) шетелдегі қазақ мәдени орталықтары: диаспораның ішкі әрекеттестігі мен жұмыс жүргізуі.
Конференция шеңберінде «Қазақ диаспорасының Қазақстан жайындағы тарихи білімі» атты «дөңгелек үстел» өтеді.

Дерек көз: baq.kz

Сурет: aikyn.kz

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?