Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Таразда Төле бидің ескерткіші ашылды

1988
30 тонналық граниттік тұғырға орнатылған биіктігі бес метр, салмағы 5 тоннадан тұратын қола мүсін Төле би мен Желтоқсан көшелерінің қиылысына қойылды.

Бүгін Таразда қазақ тарихының белді тұлғаларының бірі - Төле бидің 350 жылдығына орай ескерткіш қойылды.

«Бүгін ұлы мереке»,- деді салтанатты шеруді ашу барысында сөйлеген сөзінде Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев. - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі тарихтағы қазақ халқының рухани мұрасының маңызын әрдайым атап өтеді. Мәдениет пен рухани байлық қуатты мемлекеттің негізі болып табылады. Қазақстан тәуелсіздігі - мемлекет пен ұлттың тарихындағы айрықша кезең. Біз Төле, Айтеке және Қазыбек билердің отандық тарихтағы атқарған рөлін ешқашанда ұмытпауымыз керек».

Өңір басшысы, мерейтойлық шаралардың ұлы бидің туған жері Жамбыл облысында және жалпы ел бойынша кеңінен аталып өтіп жатқандығына ерекше тоқталды.

30 тонналық граниттік тұғырға орнатылған биіктігі бес метр, салмағы 5 тоннадан тұратын қола мүсін Төле би мен Желтоқсан көшелерінің қиылысына қойылды.

Ескерткіш жобасының авторлары - қазақстандық белгілі суретшілер мен мүсіншілер Аманат Назарқұлов пен Тимур Ермеков.

Дерек көз: inform.kz

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?