Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Шымкентте Төле бидің 350 жылдығына арналған көрме ашылды

1896
Көрме Ұлы жүздің бас биі, «Жеті Жарғы» заңдар жинағы авторларының бірі Төле би өмір сүрген кезеңнің тарихы туралы сыр шертеді.

Шымкентте Төле бидің 350 жылдығына арналған көрме ашылды.

Экспозиция Оңтүстік Қазақстан өлкетану мұражайына қойылды. Көрме Ұлы жүздің бас биі, «Жеті Жарғы» заңдар жинағы авторларының бірі Төле би өмір сүрген кезеңнің тарихы туралы сыр шертеді. Көрмеде Төле би дәуірінде ел басқарған тұлғалар туралы деректер ұсынылған. Мұражайда, сондай-ақ, тарихи ескерткіштер фотогалереясы ұсынылған, сол дәуірдің сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары қойылған.

Аталмыш көрме Төле бидің 350 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстанда өтетін іс-шаралар тізбегін бастайды. Шымкентте ғылыми-тәжірибелік конференция, суретшілермен кездесулер өтеді. Ертең, 24 қазанда, Қазақ драма театрында «Төле би» спектаклінің премьерасы өтеді, содан кейін, 25 қазанда, облыстық филармонияда мәнерлеп оқу бойынша байқау өтеді. Мерекелік іс-шаралар Төле би ауданында өтетін театрландырылған салтанатпен аяқталады.

Дерек көз: thenews.kz
Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?