Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Керуен сарай қайта жаңғыртылуда

1757
Ежелгі Тараздың іргесіндегі керуен сарайдың орнында алғаш рет археологиялық қазба жұмыстары өткен ғасырдың сексенінші жылдары жүргізілген.

Әбдез Рахманұлы, тілші:
- Осыдан мың жылдай уақыт бұрын Төрткүл керуен сарайы сауданың қайнаған ордасы болған. Шығысы Қытайдан, оңтүстігі Орта Азиядағы хандықтардан саудагерлер келіп, осында сауда жасаған. Мұнда келген адамдар үшін барлық жағдай жасалған екен. Жататын жайлы орын, ішетін ыстық тамақ,  жуынамын десеңіз – шығыс моншасы. Бүгінгі күні нақты анықталғаны сол кездегі Төрткүл  керуен сарайының аумағы 10 гектардан асық болған екен.

Ежелгі Тараздың іргесіндегі керуен сарайдың орнында алғаш рет археологиялық қазба жұмыстары өткен ғасырдың сексенінші жылдары жүргізілген. Сол кезде оның аумағы нақты анықталып, қорғау жұмыстары қолға алыныпты. Ал 2008-2010 жылдары жүргізілген қазба жұмыстары негізінде керуен сарайдың орнында қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды. Оған 97 миллион теңге бөлініп, қаржы толық игерілді. Бірақ, биіктігі 5 метр, ені 4,5 метр етіп көтеріліп, 1 гектар аумақты қоршаған дуалдың былтырдан бері жоғарғы қабаты бұзыла бастапты.

Людмила Дубровская, «Археологиялық сараптама» ЖШС өкілі:
- Қазір біз осы бұзылған жерлерін қалпына келтіру мақсатында жоба дайындадық. Жұмыс жүріп жатыр. Біткен кезде алғашқы кезіндегідей күйде болады. Ары қарай бұзылмайтындай етіп жөндейміз.

Туристердің қызығып келетін тарихи орнына айналуы тиіс кешен 3 жылдың ішінде ел күткендей деңгейге көтеріле алмады. Өйткені, осы уақыт ішінде кешеннің нақты қожайыны болмаған. Енді, оны облыстық мұражайдың теңгеріміне өткізбек.

Нұрқат Серікбаев, Жамбыл облыстық «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру» дирекциясының бөлім меңгерушісі:
- Ол кісілер қорда жатқан қыш бұйымдары, артефактілері бар тарихи, соларды осында қойып, күтіп, сақтап отырады. Жыл сайын бұзылған жерлерін жөндейді. Туристік фирмалармен жұмыс істеп жатырмыз, олардың туристік маршрутіне қосылған.

Төрткүл керуен сарайы кешені аумағында қыш бұйымдар жасайтын шеберхана да ашуды  ұйымдастырмақшы. Бұл да туристерді қызықтыратын шараның бірі.  

Дерек көз: khabar.kz
Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?