Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстанның бір топ тарихшы ғалымдары Түркия қазақтарымен кездесті

2050
Ыстамбұл қаласында өткен VIII халықаралық түркология конгресіне келген Қазақстанның бір топ тарихшы ғалымдары Түркиядағы жергілікті қазақтармен кездесті.

Ыстамбұл қаласында өткен VIII халықаралық түркология конгресіне келген Қазақстанның бір топ тарихшы ғалымдары Түркиядағы жергілікті қазақтармен кездесті.

 Осыған орай, Қазақ мәдени қауымдастығында «Ұлттық тарихты жаңаша зерделеу» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған Мимар Синан университетінің  профессоры Абдулуақаб Қара, танымал археолог-ғалым Зейнолла Самашев пен Талас Омарбеков, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Түркология және алтаистика ғылыми-зерттеу орталығының директоры Қаржаубай Сартқожаұлы мен тарихшы Ибрахим Қалқан қатысты. Басқосуда ғалымдар қазақ тарихына қатысты соңғы ғылыми жаңалықтармен бөлісіп, көпшілікті тың деректермен тәнті етті. Көне түркілердің Х ғасырға дейінгі бет-бейнесі жайлы баяндама жасаған Қаржаубай Сартқожаұлы жергілікті қазақтарға елден жырақта жүрсек те, ұлттық тарихқа үлес қосуға болатындығын айтып, атажұртқа Моңғолиядан келгенін мысал етті.

Қаржаубай Сартқожаұлы, түркітанушы, ғалым:

- Негізінен біздің тарихымызды көбінде Кеңес үкіметі тұсында Коммунистік партияның идеологиясы бойынша жазылып келді. Сондықтан біздің  көп дүниеміз қалып қалды. Жаңа көзқараспен өзіміздің ұлттық тарихымызды жазуымыз керек. Осыған қазір билік ерекше көңіл бөліп, қаржы бөліп, ғалымдарды жұмылдырып жатқан жағдайы бар.

Дерек көз: 24.kz

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?