Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бөгенбай батырдың дулығасы сақтаулы

1758
 Бөгенбай батырдың дулығасы сақтаулы - e-history.kz
Ұшқан сұңқардың қанаты талып, шапқан тұлпардың тұяғы тозатын алып даланы кеудесімен қорғаған қанжығалы Бөгенбай батырдың дулығасы осы.

Жасұлан Әбдіхалық, тілші:

 - Ұшқан сұңқардың қанаты талып, шапқан тұлпардың тұяғы тозатын алып даланы кеудесімен қорғаған қанжығалы Бөгенбай батырдың дулығасы осы. Талай қанды жорықта бітімі бөлек батырдың алтын басын ажал оқтардан арашалап қалған бас киім бұл. Қазіргі кезде құнды жәдігер Бөгенбай  батырдың жетінші ұрпағының үйінде сақтаулы тұр.

Атадан балаға мирас болған мына дулығаның қазір темірі ғана қалған. Төбесіндегі шашақтары мен құлақ пен мойынды жауып тұратын торкөз сауыттарын ел-жұрт тәбәрік ретіне таратып алған. 

Жабай Кенжалин, Бөгенбай батырдың жетінші ұрпағы:

 - Айтысына қарағанда атамыз үлкен кісі болмапты. Бойы сондай средный болған, бірақ денелі  болған. Қолы қарулы, түрі суық кісі болыпты. Қабағы енді үлкен болған көзін жауып, суық кісі болыпты. Жорыққа барғанда, батырлардан бөлек жатыпты. Ешкімге сенбеген кісі.

Тарихи деректер бойынша Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама заманында Бөгенбай батыр қанжығалы руын бастап Қаратаудан Арқаға қоныс аударған. Содан бері бұл маң Бөгенбай ұрпақтарының жері аталады. Қазіргі Ерейментау ауданында батыр атында мектеп, мұражай және көшелер бар.

Сайлау Жылқыбаев, Бөгенбай батыр атындағы мұражай директоры:

 - Бөгенбай жас кезде 1708 жылы алғашқы жорығы, ол кісі 103 рет соғысқа кірген. Ал негізгі ірі-ірі шайқастар, мысалы, мына жерде Ерейментау деп тұр ғой, осы жерде  Өлеңті өзені мен Кәрітау тау деп айтылады шежіреде, соның аралығында үлкен соғыс болған.

Бұдан бөлек аудан орталығына қолбасшысының еңселі ескерткіші орнатылған. Қасында талай қанды жорықтағы серік інілері – Жантай мен Атан батыр. Болашақта бұл жерге басқа да тарихи тұлғалардың мүсіндері сомдалып, батырлар аллеясы атанбақ.

Манап Әдірешов, аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы:

 - Бір жағынан қаланың ортасына қойғаны дұрыс болды. Өйткені, тіпті, балабақшадан да  келіп жатады. Мектептерден де оқушылар келіп жатады. Биыл экотуризим болды, қаншама облыстан кісілер келді. Түсіндірдік, айттық, Жұрт Бөгенбай батырды тани бастады, жұрт Жантай батырды, Атан  батырды тани бастады.

300 жылдан астам уақыт атадан балаға мұра болып келе жатқан Бөгенбай дулығасын мұражайға өткізуге талай елімізге танымал адамдар сұрап келген. Алайда батырдың ұрпақтары құнды жәдігердің киесінен қорқып, ешкімге келісім бермей отыр. Тек үй ішінде ұстап көруге рұхсат.


Дерек көз: khabar.kz

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?