Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ғалымдар Қазақстан тарихын кезеңдеуді бастады

2257
Ғалымдар Қазақстан тарихын кезеңдеуді бастады - e-history.kz
Қазақстанның жетекші ғалымдары Қазақстан тарихының ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі кезеңдеуін дайындау жұмысын бастап кетті.

Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихын кезеңдеу жұмысы басталып кетті. Бұл жөнінде бүгін ұлттық тарихты реформалау мәселелеріне арналған баспасөз мәслихатында «Мемлекет тарихы институты» ММ директоры Бүркітбай Аяған мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Қазақстанның жетекші ғалымдары Қазақстан тарихының ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі кезеңдеуін дайындау жұмысын бастап кетті. Бұл жұмыс қарқынды жүріп жатыр», - деді баспасөз мәслихатында институт директоры.

«Маңызды мәселе – «Халық тарих толқынында» бағдарламасының жобаларын жасау бойынша жұмыс тобы бағдарламаның алғашқы нұсқасын әзірледі. Тәуелсіз мемлекеттің қазіргі заман тарихын зерделеу, сондай-ақ әлем тарихының ажырамас бөлігі болатын ұлттық тарихымыздың мыңдаған жылдардан тамыр тартқан этногенездік көкжиегін баяндайтын тұтас тарихи түсінік қалыптастыру және кешенді әрі пәнаралық көпқырлы мәселелерді зерттеу мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаты болып табылады», - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, ол мемлекет тарихы институтының ғалымдары жоғары оқу орындары тарихи емес факультеттерінің бакалавриаттарына арналған типтік бағдарламалардың жобасын дайындағалғанын тілге тиек етті. «Ол сараптамадан өтіп, жақында студенттерге жетеді», - деді Б. Аяған.

Дерек көз: bnews.kz
Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?