Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ұлттық тарихты зерделеу жұмыстары жалғасуда

2469
Ұлттық тарихты зерделеу жұмыстары жалғасуда - e-history.kz
Мемлекет басшысының бастамашылығымен елімізде ұлттық тарих саласындағы зерттеулерді кеңейту және тереңдету жөніндегі ауқымды міндет жүзеге асырылуда.

Мемлекет басшысының бастамашылығымен елімізде ұлттық тарих саласындағы зерттеулерді кеңейту және тереңдету жөніндегі ауқымды міндет жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы ғылыми-тарихи қоғамдастықпен бірлесе отырып, біраз жұмыстар жүргізіп отыр.

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарихи зерттеулердің «Халық тарих ағымында» арнайы бағдарламасын әзірлеуді міндеттегені аян және осы тапсырмаға сәйкес қазір бірқатар зерттеу жобалары іске асырылуда.

Бүгін Ақордада Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен өткен Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының ІІІ отырысында «Халық тарих ағымында» бағдарламасын әзірлеу, жұмыс тобының бірінші және екінші отырыстарында алға қойылған міндеттерді іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың жұмыстары қаралды.

Отырыста білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстарды жаңарту мәселелері бойынша тапсырмалардың орындалу барысымен таныстырды. Баяндамада атап көрсетілгендей, жаңа 2013-2014 оқу жылынан бастап еліміздің барлық мемлекеттік жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы кафедралары ашылды, «Тарих» мамандығы бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар жоғары білімді кадрларды, тіпті PhD докторларын дайындаудың мемлекеттік тапсырысы ұлғайтылды.

Бір топ ғалым ежелгі дәуірден бастап Тәуелсіздік алғанға дейінгі аралықтағы ұлттық тарихты қамтитын, сондай-ақ Қазақстанның жаңа тарихына арналған оқулықтар әзірлеу жұмысын бастады. Тарихшы-ғалымдар 2014-2016 жылдарға арналған «Халық тарих ағымында» тарихи зерттеу бағдарламасын әзірлеуде.

Бүгінгі отырыста сондай-ақ, мәдениет және ақпарат министрі М.Құл-Мұхаммед ақпараттық блок бойынша ұлттық тарихты зерделеу міндеттерін іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?