Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Абай атындағы ҚазҰПУ ғылыми жобаларға ректордың гранты беріледі

1708
Абай атындағы ҚазҰПУ ғылыми жобаларға ректордың гранты беріледі - e-history.kz
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінде жыл сайын ғылыми жобаларды қаржыландыру үшін конкурс өтеді.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінде жыл сайын ғылыми жобаларды қаржыландыру үшін конкурс өтеді. Оған Қазақстан тарихы кафедрасы да қатысады деп мәлімдеді Bnews.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында Абай атындағы ҚазақҰПУ Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Айгүл Махаева.

«Қазақстан тарихындағы өзекті мәселелерді зерттеу – кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Кафедра қызметкерлері ҚР Білім және ғылым министрлігі қаржыландыратын фундаменталдық ғылыми тақырыптарды зерттеуге қатысады. Сонымен қатар, Абай атындағы ҚазақҰПУ ректоры жыл сайын университет қаржысы есебінен ғылыми жобалады қаржыландыруға конкурс жариялайды»,-деді А.Махаева.

Мысалы, кафедраның тарих ғылымдары кандидаттары мен докторлары ҚР БҒМ Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының «Қазақ халқының дәстүрлі салт-дәстүрлері» және «Создание профессиональных цифровых учебных материалов по истории независимого Казахстана для организации e-learning» ғылыми жобасына қатысуда.

«2013 жылы Академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы бойынша кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы А.Ш.Махаева, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Т.Т.Далабаева, тарих ғылымдарының кандидаты, бас археолог А.А.Нұржанов ректордың грантына ие болды»,-деді кафедра меңгерушісі.

«Бүгінгі таңда Қазақстан тарихы кафедрасы білікті педагогикалық мамандар дайындайтын бірден бір білім ордасы болып табылады. Кафедрада жан-жақты ғылыми-әдістемелік және теориялық білім беріледі. Өйткені біз «Тарих» мамандығы бойынша бакалаврлар дайындаймыз. Кафедра орта және жоғары мектеппен байланыс орнатуға жіті көңіл бөледі. Оқытушылар инновациялық білім технологиялары мәселелерімен айналысуда»,-деді А.Махаева.

Бұған қоса кафедра қызметкерлері жаңа оқулықтар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар, орта және жоғарғы оқу орындарында Қазақстан тарихы курсын оқытуға арналған оқу материалдарын дайындады. Әрі тарих кафедрасы алғашқылардың бірі болып қашықтықтан оқыту жүйесіне көшеді. Академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы шетелдік білім ордаларымен және ғылыми мекемелерімен тығыз байланыс орнатты.

 «2012-2013 оқу жылдарында кафедраның 5 оқытушысы Жапония, Чехия, Ресей, Франция елдерінде оқып келді. Жақында тағы бір топ «Өрлеу» БАҰО» АҚ желісі бойынша шетелдік оқу орындарында білім алып, тәжірбие алмасуға аттанады»,-деді А.Махаева.

Түпнұсқа: http://www.bnews.kz/kk/news/post/159479/
Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?