Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ынтымақтастық пен келісім қаласы

2429
Ынтымақтастық пен келісім қаласы  - e-history.kz
1997 жылы 20 қазанда Ақмоланы Қазақстан Республикасының астанасы етіп жариялау туралы Жарлыққа қол қойылды

Адамзат тарихында мемлекет басшысының және халықтың тарихи дамудың жаңа кезеңінде мемлекет астанасы туралы мәселені қайтадан шешу оқиғалары жиі кездеседі. Мұның астарында үлкен мағына жатыр, және бұл шешім тәуелсіз мемлекеттің пайда болу тұсында орынды екені даусыз. 

Қазақстанның жаңа астанасын құру туралы стратегиялық бастаманы Мемлекет басшысы тәуелсіздіктің ең алғашқы жылдарында жасады. Президент айтқандай: «замана акиқаты мен бірқатар геостратегиялық жағдайлар бізді өзіміздің геосаяси кеңістігімізді қалыптастыру үрдісіне жаңаша қырынан келуге мәжбүр етті». Ол кезде мемлекеттік біркелкілікті, ішкі бірігуді нығайту, Қазақстанның мемлекеттік кеңістігін орталықтандыру туралы сөз қозғалған еді. 

Тәуелсіздік күніне және Ақмола қаласын республика астанасы етіп жариялау күніне арналған салтанатты жиында Президент: «Өздеріңіз білетіндей, колония бола тұра, Қазақстанда ұзақ уақыт бойы астанасы болмаған. Автономиялы Қазақ республикасы құрылғаннан бастап ұлттық мүдделер мен жергілікті билік ұсыныстарын ескермей елдің астанасы ретінде Орынборды белгіледі. Содан кейін, астана Қызылордаға, Алматыға көшірілді. Осылайша, республикамыздың бас қаласын ауыстыру туралы барлық әдепкі шешімдер кейде «революциялық», кейде басқа бір мақсатпен қабылданған, бірақ ешқашан Қазақстанның мүдделері ескерілмеген». 

Территориялық жағынан үлкен және көп этносты Қазақстан тәуелсіздік алған кезеңде мемлекеттік орталығы және аймақтық құрылымы туралы мәселе стратегиялық мағына ие болып отыр. Өзінің даму деңгейіне және жағдайына қарамастан, Алматы 1991 жылдан кейінгі қажетті жаңа мемлекеттік орталықтанудың орны бола алмады. 

Жаңа астана салу бастамасын ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының басында көп адамға негізсіз, мезгілсіз болып көрінді. Сол кезде саяси элитаның бір бөлігінің санасындағы консерватизмнен мүдірмей оөтуге, жекелеген саясаткерлердің сынына жауап беруге тура келді. Қабылданған шешімдер ел басшылығының кеудемсоқтығынан туындап отыр деп ойлағандар да болды. 

Астананы мемлекеттің географиялық орталығына қарай ауыстыру туралы стратегиялық шешім кенеттен туған жоқ. Бұл шешімге Александр Исаевич Солженицыннің 1990 жылғы «Как нам обустроить Россию» деген үндеуі ықпал етті. Жазушы КСРО орнына Ресей, Белорусь және Украинаны, сондай-ақ Солтүстік Қазақстанның жерлерін қосып, славян мемлекетін құруды ұсынды. А.И. Солженицынның Ресей «онжылдықтар бойы өзінің өмірлік шырынын» беріп келген «ортаазиялық қарын» туралы әділетсіз және қорлаушы пікірі ел басшылығының және қоғамның наразылығын тудырды. Қазақстанға осындай үндеулерді түбірімен шауып тастайтын батыл қадам жасау керек болды. Және осы қадам жаңа астананы салу болды. 

abccdaed237dac29e3c61937d9ced39c.jpg

Ақыр аяғында, тарихымыз астананы көшіруге сыни көзбен қарағандардың қателескенін дәлелдеп отыр. Жаңа астана мемлекеттік орталықтандырудың сындарлы саясатына да, Қазақстанның болашаққа ұмтылған шығармашылық рухына да сәйкес келді. 

Жоғары Кеңесте мемлекет астанасының тағдыры туралы мәселені 1994 жылдың 6 шілде күні талқылады. Қызу пікірталастан соң Жоғары Кеңес «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттің астанасын Ақмола қаласына көшіру туралы ұсынысымен келісуді» шешті. Бұл Президенттің туған күніне жасалған өзінше бір сый болды. Осы күні Үкімет «Қазақстан Республикасын көшіру туралы» шешім қабылдайды. 

Астананы көшіру туралы шешім 1997 жылдың 20 қазан күні қабылданды. Осы күні мемлекет басшысы «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» Жарлыққа қол қояды. 

1997 жылдың 10 желтоқсандағы Президент Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды. 12 желтоқсан күні жаңа астанада бауырлас елдердің басшылары қатысқан алғашқы халықаралық кездесу өткізілді: Түркиядан - Сүлейман Демирель; Қырғызстаннан - Асқар Ақаев, Тәжікстаннан - Эмомали Рахмонов; Өзбекстаннан - Ислам Кәрімов келді. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1998 жылдың 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмола қаласы Астана қаласы болып өзгертілді. 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?