«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Шоқан көшесі – Омбыдағы Арбат

2017
Шоқан көшесі – Омбыдағы Арбат
NDH порталы алыс-жақын шетелдегі қазақтардың өмірін үнемі назарда ұстайды, сондай-ақ «Қиырдағы қазақтар» деректі фильмін түсіргені белгілі. Омбы қазақтары өз өмірлері туралы сыр шертеді

Біз – Сібірдің Омбы қазақтарыөз өлкеміздің негізгі тұрғындарымыз.

1989 жылы құрылған «Мөлдір» қазақ мәдениеті Сібір орталығы ұлттық құндылықтарды насихаттай отыра, жас ұрпаққа сіңіруді жалғастырып келеміз.

Омбыда қазақ халқының дарынды тұлғаларының тағдыры тікелей байланысты: Ш.Уәлиханов, Ә. Бөкейхан, С. Сейфуллин, Н. Нұрмақов, М. Жұмабаев, Ж. Шаяхметов, т.б. мақтануға тұрады.

Қаладағы ең көрікті, шерулі көше Ш. Уәлихановқа тиесілі, ол Омбының Арбаты деп саналады. Бұл тек омбылықтардың ғана емес, қала қонақтарының да мақтанышы. Осы Ш. Уәлиханов көшесінде Қазақстан Республикасының консулдығының ескілеу үйі орналасқан болатын.

Сондай-ақ қалада С. Сейфуллин көшесі де бар. Күндердің бір күнінде біз Қошке Кемеңгерұлы, Мағжан Жұмабаев көшелері ашылады деп үміттенеміз.  

Қазіргі таңда ұлт мақтаныштары ретінде Ресейдің еңбек сіңірген суретшісі Амангелді  Абдрахманұлы Шәкеновті, Ресей Суретшілер одағының мүшесі Геймран Сұлтанұлы Баймұхановты, РФ құрметті сәулетшісі Сәкен Шайхисламұлы Құсайыновты, абайдың шәкірті Көкбай ақынның немересі, белгілі заңгер Амангелді Ахметқалиұлы, Көкбаевты, Ресейдің жас жалынды шығармашылық иесі Ермек Елубайұлы Хапизовты айтуға болады.

Біз бабаларымызға жерұйық мекен болған Омбыда өмір сүреміз, осында салт-дәстүрді сақтаймыз, келешекке жеткіземіз.

Қазіргі кезеңде көршілес тарихи отанымыз Қазақстан Республикасындағы барлық процестерді бірге бақылаймыз, қуанышты сәттерде бірге қуанып, ыңғайсыз жағдайда қапаланамыз. Себебі біз үшін Қазақстан – қымбат ел, біздің тамырымыз көзге көрінбес жіптермен байланысқан. Әрі мұнда біздің ең жақын туыстарымыз, ет жақын ағайындарымыз тұрады.

Біз жыл сайын оқушыларымызбен қазақ тілі олимпиадаларына, түрлі фестивальдарға, конкурстарға қатысуға барамыз. Өткен жылы Дүниежүзі қазақтарының кзекті құрылтайына қатыстық, біздің жастарымыз қаны да, жаны лда бір туыстарынмен ортақ тіл табысқанына қатту қуанды. Нағыз қонақжайлылық пен ғажайып достықты көріп мерейі тасып қайтты.

Болашақта та осы үрдіс жалғаса береді деген үміттеміз.

Алтынай ЖҮНІСОВА,

«Мөлдір» қазақ мәдениеті сібір орталығы» кеңесінің жетекшісі, ҚР мәдениет қайраткері