Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Мәдени серуен: Мәшһүр Жүсіп кесенесі

4605
Мәдени серуен: Мәшһүр Жүсіп кесенесі - e-history.kz
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858-1931) – Баянауыл ауданында дүниеге келген ақын, этнограф, ағартушы, қазақ халқының жарқын тұлғаларының бірі. Келер жылы көрнекті ағартушының 160 жылдық мерейтойы болады

«Киелі Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында осы аяулы адамның есімі Қазақстанның Киелі картасынан өз орнын алуға әбден лайық.

Оның есімі құпия-сырға толы. Ол теолог, діндар философ, көріпкел болған. Ерекше қасиетке ие Мәшһүр Жүсіп өзінің өмірден өтетін күнін нақ білген екен. О дүниелік боларынан бір жыл бұрын ол өзінің туған-туыстары мен жақындарын жинап, мазардың тұрғызылатын орнын, оның құрылысы  қандай болуы керектігін, бөлмелерінің қалай орналасуы керектігін, және ең бастысы, оның денесі жер қойнына берілмеуі керектігін, ал 20 жыл өткен соң барып бұзылмай, мәңгілік сақталатындығын айтып кетіпті. 50-інші жылдары советтік билік ескі мазарды бұзған кезде әулиенің бұзылмай сақталған денесін көргендер таңғалысыпты.  

Жаңа кесене Мәшһүр Жүсіптің 150 жылдық мерейтойы қарсаңында, яғни 2006 жылдың қарашасында кешен ашылды. 

Күмбез тәрізді ғимаратты салу кезінде құрылысшылар біраз қиындықтарға кездеседі. Ғимараттың салынып біткеніне қарамастан, жаңбыр жауған кезде күмбезден үнемі су өтетін, бұның өзі бабамыздың туысқандары мен қызметкерлерді біраз әуре-сарсаңға түсіретін, өйткені су аққан жерді тазалау, жыл сайын қабырғалары мен төбесін ағарту сияқты және т.б. шаруаларды жасауды қажет ететін. Бірнеше жыл бұрын бұл ғимарат шамалы өзгерді. Жөндеу жүргізіліп, кесенеге көгілдір күмбез қойылып, жоғарыда айтылған мәселелер шешімін тауып, жойылды.

Кесененің жанынан қабірлерді көруге болады. Онда Мәшһүр Жүсіптің көзін көріп, өмірде де, қызметте де бірге жүрген құрдастары, жерлестері жерленген. Бұл жерде Мұхаммед-Шарапиден, кіші ұлы Мұхаммед-Фазыл, үлкен келіні, кіші келіні Нұрила апай және кейінгі кезде қайтыс болған немерелері мен шөберелері де осында жатыр.

Кесенені ашқан соң, осы өмірді белшесінен басқан адамдар кесенеге туыстарын жерлеуді ниет етеді-ау деген қорқыныш та болған екен. Әйтеуір, абырой болғанда, аумақ пен кесене бастапқы кейпінде сақталып қалды.

Кесенеге бармас бұрын міндетті түрде дәрет алу рәсімін жасау керек. Бұрындары адамдар киелі жерге бару мақсатымен алыс жолға шығар алдында міндетті түрде дәрет алу рәсімін жасаған.

Дөңесте орналасқан кесенеге баспалдақтар алып барады. Баспалдақ алты аралықтан және Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ғұмыр жасын  бейнелейтін 73 сатыдан тұрады. 

Бүкіл кешенге ғұламаның туыстары, ұрпақтары, атап айтқанда, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының баласы Мұхаммед-Фазылдың туған немересі, шырақшы Қажыман аға күтім көрсетеді. Барлық мінәжат етіп келушілер үшін дұға оқиды.

Кесененің жанында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының музейі орналасқан, онда философ бабамыздың өзі қолданған бірегей заттары, мысалы, оны жерлеген кезде ораған үлкен кілем қойылған.

Шалбар, оның өлшемі, Мәшһүр Жүсіптің ірі денелі болғанын аңғартады.

Өте сыйымды белдік, оған жол заттары да, аңшылыққа қажет оқтар да, басқа да ұсақ-түйектер де сыйып кетеді. 

Жәрмеңкеде сатып алынған самауыр. Сонымен қатар оның сағаты, кітаптары, шәйнегі, кеселері және басқа да көптеген заттары сақталған.

Алайда, шырақшының айтуы бойынша жуық арада шешуді қажет ететін мәселе де жоқ емес. Музей қонақ үйдің бірінші қабатында орналасқандықтан, оның бөлмелері музей жәдігерлерін сақтауға арналмаған. Жоғарғы қабатта қонақтар тұрады, ал музейдің дәл жанында асхана орналасқан. Мұндай жағдайда музей жәдігерлерін сақтау мүмкін емес.  

Шырақшы «Киелі Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жергілікті билік жуық арада осы мәселені шешуге көмектессе деген үміт-ниеттерін білдірді. 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?