Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Үлкен жүректі физиолог дәрігер

2824
Үлкен жүректі физиолог дәрігер - e-history.kz
Бүгін осыдан 115 жыл бұрын Кеңес Одағы медицина саласының еңбегі сіңген қызметкері, қазақ физиологиясының негізін қалаушы Полосухин Александр Порфирьевич дүниеге келді

Александр Порфирьевич 31 жасында Пермь университеті медицина факультетінің аспирантурасын тәмамдаған. 5 жыл бойы Свердловск және Сочи қалаларының медицина институттарында еңбек еткен. Ал 1938 жылы Қазақ медицина институтына орналасып, ҚазКСР ҒА Физиология институтының директоры, ҚазКСР ҒА вице-президенті қызметтерін бірге алып жүрген. 

8950b5b5f4005e9c8f6ad354d8e85980.jpg

Өзінің ерен еңбегі үшін ел басшылары тарапынан жоғары бағаланып, Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, «Құрмет белгісімен» марапатталған. Отандық медицинаның дамуына қан айналымды және лимфотүзуді реттеу мәселесін зерттей отырып, өлшеусіз үлес қосқан. Шок патогенезін зерттеу негізінде шокқа қарсы сұйықтықты ұсынды. Бұдан басқа, ол Жалпыодақтық физиологтар қоғамының Қазақ филиалын ұйымдастыру бастамасын жасады. 

Ғалымның ғылыми зерттеулері қалыпты жағдайда және патология жағдайында қан айналымды және лимфотүзуді реттеу мәселелеріне арналған. Жануарларға жасаған сынақтары нәтижесінде қан айналымын реттеудің гуморальды бөліктері туылғаннан кейін бірінші күндерден бастап, ал жүйкелік реттелу - тек қана 2-3 апталық жастан бастап қызмет жасай бастайтынын дәлелдеді. 

Сондай-ақ шок патогенезін зерттеген және онымен күресу әдістерін ұсынған. Кәсіби өнеркәсіптік патологияның алдын алу мәселесіне ерекше назар аударған. Ол және оның шәкірттері ауыр кәсіби дерт – силикоздың пайда болуының алдын алу тақырыбында ұзақ уақыт жұмыс жасаған. А.П. Полосухин қазақстандық физиологтардың бірегей мектебінің негізін салды. 

7de0b28c675084f9888b0d3e22ada178.jpg

Оның басшылығымен және қатысуымен жүргізілген ғылыми зерттеулер шет елдерде де мойындалған. Бұл ретте, теориялық білім тәжірибеде қолданумен жақсы үйлесім тапты, дәлірек айтқанда, эволюциялық физиологияның зерттеу мәселелері, қан айналымды реттеу. А.П. Полосухиннің зерттеулерін оның шәкірттері жалғастырды, олардың ішінде Пальгова Л.Е., Беремжанова И.А., Сәтпаева Х.К., Скипина Е.Г. ғылымға үлкен үлес қосты. А.П. Полосухин 1965 ж. дүниеден өтті және Алматы қ. Орталық зиратқа жерленді. 

Материалды дайындаған Малика МУРСАЛИМОВА 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?