Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Хан Жәнібектің жерленуі мүмкін жер

2250
Хан Жәнібектің жерленуі мүмкін жер - e-history.kz
Қазақ хандығының негізін қалағандардың бірінің жерленген орны Ақмола облысында болуы мүмкін

Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашаққа көзқарас: рухани жаңғыру» атты мақаласында Қазақстанның киелі жерлерінің географиясын дамытуды баса айтуы тегін емес, өйткені тарихи-мәдени мұраның объектілерін туризм инфрақұрылымындағы маңызды буын ретінде қарау қажет. Олар қазақстандық және халықаралық бағыттар желісіне енулері, дамып жатқан туризм саласының өсу нүктелері болулары керек.

Бүгінгі күні Ақмола облысының Қорғалжын ауданында жарқын көрініс тапқан мәдени сәулет осы бағыттағы блоктардың бірі бола алады. Бұл солтүстік Сарыарқаның екі маңызды гидрожүйесі: Нұра мен Есілдің осы көрсетілген мекенде тоғысуымен түсіндіріледі. Месопотамия, Мысыр өркениеті, т.б. сияқты Қосөзен аралығы секілді өркениеттің бесігі болған көптеген әлемдік өркениеттер тарихқа белгілі.

Қорғалжын ауылынан шығысқа қарай 9 шақырымда орналасқан, о баста  безендірілуі бойынша жарқын әрі керемет Жәнібек-Шалқар кесенесінің үйіндісі соның бір мысалы бола алады. Кесене Нұра өзені арнасының табиғи төмендеген жерінде пайда болған ағынды көлдің атауымен аталған. Қорым шоқының үстінде тұрғызылған, жанында қыр құстарына бай дала өзендері ағып жатыр. Жаңа мыңжылдықта кесенені жергілікті аңшылардың бірі тапқан, ол ғалымдарға көгілдір ақықтан жасалған қыш тақташаның үлгісін әкеліп көрсетеді. Осындай материалмен Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Самарқандтың тарихи бөлігі қапталған болатын.

Зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдардың мәліметтері бойынша кесене порталды-күмбезді үлгісіне жатады. Кесененің алдыңғы жағы зерленген тақтамен, түрлі өсімдік және геометриялық өрнектердің оюланған үйлесімімен безендірілген. Тақталардың кейбір түрлерінің шоғырлану топографиясы олардың кесене безендірілуіндегі орналасқан орындарын болжауға негіз береді. 

Порталдық қуыстың үстінде эпиграфиялық оюы бар зерленген жасыл тақташалар жолағы орналасуы мүмкін. Ескерткіш бірегей полихромды жапқышпен көмкерілген екен, бұны сол кездегі тек ақсүйек адам ғана жасай алатын. 

Қазақстан – оның аумағында тарихи тұлғалардың аттарымен байланысты аталған өзен, көл, шатқал, тауларының ерте топонимикалық атауы осы күнге дейін сақталып қалған Орта Азиядағы санаулы елдің бірі. Кесене «Жәнібек-Шалқар» деп аталатын  көлдің жағасында орналасқан. Қорғалжын көлдерінің жүйесінде Керей деген көл және оған келіп құятын Керей деген өзеннің болуының маңызы аз емес. Бұл гидронимдер Қазақстан тарихында басты рөл ойнаған екі тарихи тұлғаның есімімен байланысты.

Жоғарыда мазмұндалғандарды топшылай келе, бұл жерде Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі – Жәнібек хан жерленген деп болжауға болады. 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?