Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Д. Сәдуақасова: Елбасына жоғары жетістіктерге қол жеткізуге берілген мүмкіндіктер үшін алғыс айтамын

1673
Д. Сәдуақасова: Елбасына жоғары жетістіктерге қол жеткізуге берілген мүмкіндіктер үшін алғыс айтамын - e-history.kz
«Жеке адамдардың емес, барлық халықтың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату арқылы айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуге болады»

Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған шахматтан әлем чемпионы, халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасованың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» атты мақаласына орай білдірген пікірінде айтылған.

"Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Ең алдымен Сізге, сүйікті спортпен айналысуға, кәсіби өркендеуге және жоғары жетістіктерге қол жеткізуге берілген мүмкіндіктеріңізге үлкен алғысымды білдіргім келеді.

 

 

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалаңызға қатысты, біздің еліміздің дамуы мен оны әлемдегі 30 дамыған елдің қатарына қосуға бағытталған Сіздің барлық бастамаларыңызды қолдайтындығымды атап өткім келеді.

Елдің және ұлттың рухани дамуы - барлығымыздың алдымызда тұрған үлкен міндеттердің бірі. Жеке адамдардың емес, барлық халықтың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату арқылы айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуге болады, сондай-ақ, бұл бағытта да ауқымды жұмыс атқарылуда. Ынта, табандылық және мақсатқа талпынушылық білдірген әр адам жоғары жетістіктерге жете алады.

Сонымен қатар, алдағы уақытта жоспарланған барлық жұмыстар ойдағыдай іске асырылатынына сенімдімін", - деп жазған спортшы.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?