Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Д. Елеусінов: Өзгерістерді дұрыс қабылдаған ұрпақ қана бәсекеге қабілетті бола алады

1836
Д. Елеусінов: Өзгерістерді дұрыс қабылдаған ұрпақ қана бәсекеге қабілетті бола алады  - e-history.kz
«Елімізде болып жатқан саясаттағы, білімдегі, өнердегі, тағы да басқа салалардағы өзгерістерді дұрыс түсініп, дұрыс қабылдаған біз сияқты жас ұрпақ қана бәсекеге қабілетті бола алады»

Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» атты мақаласына орай білдірген пікірінде айтылған.

 

 

 

"Сіздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақалаңызда атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа тарап, жалғасып келе жатқан қазақ халқының рухани байлығы жайлы өте орынды айтылған.

Сіздің сындарлы саясатыңыздың арқасында, ата-анамыздың, тәлім-герлеріміздің бізге берген өнеге, тәрбиесінің арқасында бүгінгі күні біз спортта биік жетістіктерге жетіп отырмыз. Бойымыздағы отансүйгіштік, халқымызға, елімізге, жерімізге деген махаббат, болашаққа деген дұрыс бағдар бізді әрқашан жеңістерге жетелеп отырады.

Елімізде болып жатқан саясаттағы, білімдегі, өнердегі, тағы да басқа салалардағы өзгерістерді дұрыс түсініп, дұрыс қабылдаған біз сияқты жас ұрпақ қана бәсекеге қабілетті бола алады.

Мен, Сіздің сындарлы саясатыңызды әрқашан қолдаймын!" деп жазған пікірінде.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?