Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қ.А.Яссауи кесенесіндегі қазан және екі шырағдан тарихы

3213
Қ.А.Яссауи кесенесіндегі қазан және екі шырағдан тарихы  - e-history.kz
2016 жыл ЮНЕСКО көлемінде «Қожа Ахмет Яссауи жылы» болып жарияланды. Демек, әлем халықтарының назары Қазақстанға ауатын, Ұлы Дала Елінің асқаралы рухын асқақтата түсетін абыройлы жыл

Табан топырағы ылғалды жерге салынған Ахмет Яссауи кешені ХІV ғ. құрылыс инженерлерінің сөзсіз озық шешімі болып табылады. Пропорциялық қатынастардың бірлігі, құрылыс тәжірибелері ортағасырлық шеберлердің сәулет өнерінің күрделі теорияларын меңгергенді көрсетеді.

Ахмет Яссауи құрылысының тағы бір ерекшелігі оның құрылысына және Көне түркі ақынының алғашқы қабырының қалдығы қамтылған. Салмақ көп түсетін миллондарының табанына ірі кесек тастар қалаған. Ал басқа қабырғаларының табан топырағы тек тапталған. Ескерткіштің ірі тасынан жоғарғы бөлігі конструкция түрлеріне қарай әр түрлі ерітінділерге бекітілген күйген кірпіштен қаланған 600 жыл бойы өмір сүріп келе жатқан ғимарат. Ғимараттың жеке бөліктерінің архитектуралық формаларының өзара үйлесімділігі негізінен алғанда Қазақстан мен Орта Азияға тән келген қабырға ұзындықтарының осы бөлменің көлденеңіне сәйкес теориясының қалауы сақталуына байланысты. Қазандық бөлмесінен 8 дәліз тарайды.

1937 жылы «Қазақстан Орталық Комитетінің Коммунистік партиясы (большевиктер)» № 708 қорында Қазақстанның мəдени тарихи құндылығы жөнінде өте қызықты құжат айқындалды. Əңгіме Түркістан қаласы Қожа Ахмет Яссауи мешітіндегі қазан жəне екі шырағдан қойғыш туралы болып отыр. Бұл заттар 1935 жылы тамыз айында, Иран Конгресіне ұйымдастырылған көрме үшін Ленинград қаласы Эрмитаж мұражайы арқылы алынды. Олар өз кезегінде мынандай болған: қола қазан, екі қола шырағдан қойғыш Əмір Темірдің бұйрығы бойынша ирандық шеберлермен дайындалды. Ескерткіштердегі жазуларға сүйенсек, - қазанды 1398 жылы Тебризден Абдал-Азиз атты шебер, ал шырағдан қойғыштарды 1397 жылы Исфаханнан Абд Из ад-дин Тадж ад-дин атты шебер дайындаған. Қазан өз кезегінде бірегей, өз уақытындағы тамаша техникалық шығармалық ескерткіш (қазан, екі тонналық салмақты, бір кесекте құйылып жасалған) жəне əлемде теңдесі жоқ құнды өнер мұрасы болып табылады.

Сонымен қатар екі қола шырағдан қойғыш та ерекше құнды жəдігер болып табылады, қоланы алтынмен безендіру техникасы бойынша жасалған, бұл шырағдан қойғыштар өзінің таңырқарлық қалпы, оюлары, жазулары арқылы Иран көрмесіндегі көз тартатын дүниелердің бірі болды. Бір шырағдан қойғыштың астыңғы жағы Луврде ғана бар, ол Түркістан қаласы мешітінен 1917 жылы Қазан революциясына дейін ұрланған. Шырағдан қойғыштар да, əсіресе қазан, Эрмитаж келушілеріне таңырқарлық əсер қалдырады, себебі бұлар көркемдік, тарихи жағынан əлемдегі жоғарғы құндылықтағы бірден-бір ескерткіштері жəне XIV ғасырдағы техниканың ұлы жетістіктері болып табылады. Эрмитаждағы Шығыс секторы əлемдегі шығыстанулық мұражайлардың ең қуаттысы болды, бұр ескерткіштер де Қожа Ахмет Яссауи мешітінен көрме үшін алынған болатын. Алайда Түркістан қаласы дінге сенушілер қауымы бұл мəдени құндылықтарды елге қайтару туралы мəселе қойды. 1936 жылы қыркүйек айында Эрмитаж директоры Иосиф Орбели БКП (б) ОК-не баяндау хат ұсынды, онда қазан мен екі шырағдан қойғышты сатып алуға рұқсат беру туралы өтініш білдірді. Иосиф Орбели БКП (б) ОК-нің ғылым, ғылыми-техникалық бейнелеу жəне жаңалық ашу бөліміне жолдаған хатында қазан мен екі шырағдан қойғыштың Эрмитажда қалуы туралы ойынан қайтпады, себебі бұл ескерткіштер ғылым, мұражай ісі жəне аса жоғары құндылықтағы дүниені сақтау мүддесінде, Одақтағы мұражайлардың ең ұлысында, əлемдегі Шығыс бойынша коллекцияларға бай, келушілері тек КСРО азаматтары ғана емес, сонымен қатар шет елдік келушілері бар мұражайда сақталу керек деп санады. Бұл өнер заттары Эрмитажда қалдырылды.

Ал 1937 жылы Бүкілодақтық комитеттің өнер істері бойынша бөліміне Т. Жүргенов те, сол уақытта ҚазКСР ағарту ісінің халық комиссары, Түркістан қаласы Қожа Ахмет Яссауи мешітіне қазан мен екі шырағдан қойғышты қайтару мəселесі бойынша өтініш білдірді. Осы мəселе бойынша хат алмасулар басталды. Істе осы ескерткіштер бойынша үш хат бар. Иосиф Орбели бұл мəселені қазақстандық мұражайларды байыта түсетін Эрмитаж қорынан көркемдік заттарды бөлу арқылы реттеуді ұсынды. Хат алмасулардың нəтижесінде КСРО ХКК жанындағы өнер істері бойынша Комитет бұл бірегей ескерткіштердің орнына ҚазКСР-ін ерекше көркем шығармалармен толықтыруға келісім берді. Қожа Ахмет Яссауи мешітіндегі бұл ескі заманның ескерткіштері Ленинградтағы Мемлекеттік Эрмитажда қалдырылды. Тәуелсіздік жағдайында ұлттық мүддеден туындаған мәдени, рухани өрлеу көптеген құндылықтарды қайта қарауды, қайта бағалауды қажет етті.

1992 жылдың 29-мамырында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау туралы» қаулысы қабылданды. Осы қаулының ізімен 1992 жылы 2 шілдеде «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жарыққа шықты. Бұл заң еліміздің тәуелсіздік жағдайында тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғауды және оны қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастырудың құқықтық негізін қалады.

Түркістаннан Түркияға, Түркиядан балқан аймағына Ислам дінінің жайылуына тікелей себепкер болған Қожа Ахмет Яссауи бабамызды 2016 жылы әлемдік тұрғыда, үлкен іс-шара көлемінде еске алып отырмыз, бұл дегеніміз бабамыздың рухы мен одан қалған асыл мұраны асқақтатып, бүгін зерделеп ертеңге жеткізу.

Дәулет ІЗТІЛЕУ

Деректер Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінен алынды

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?